Канн-2021: Барлық жеңімпаздардың тізімі

Канн-2021: Барлық жеңімпаздардың тізімі
Фото: mercury

Францияда 74-ші Халықаралық Канн кинофестивалі аяқталды. Фестивальдің басты сыйлығы – "Алтын бұтақ" сыйлығына француз режиссері Джулия Дюкорноның "Титан" фильмі лайық деп танылды. Канн фестивалінің басты сыйлығын екінші рет әйел режиссер жеңді. Ал, басты сыйлықты алады деп болжанған Асгар Фархадиге Гран-При бұйырды. Масагет порталы барлық жеңімпаздардың тізімін ұсынады.

74-Канн кинофестивалінің жеңімпаздары:

Алтын бұтақ
"Титан" / "Titane" (Франция), режиссер Джулия Дюкорно; 

Гран-при
"Қаһарман" \ A Hero (Иран),  режиссері Асгар Фархади
"Алтыншы купе" / "Compartment No.6" / "Hytti Nro 6" (Финляндия), режиссері Юхо Куосманен;

Қазылар алқасы сыйлығы

"Ахедтің тізесі" / Ha'berech / Ahed’s Knee (Израиль), режиссері – Надав Лапид;
"Ескерткіш" / "Memoria" (Таиланд), режиссері – Апичатпонг Вирасетакул;

Үздік режиссер 
Леос Каракс — "Аннетт" / Annette (Франция); 

Үздік актер
Калеб Лэндри Джонс — "Нитрам" / «Nitram» (Аустралия), режиссері – Джастин Курзель;

Үздік актриса
Рената Реинсве — "Әлемдегі ең жаман адам" / The Worst Person in the World (Норвегия), режиссері – Йоаким Триер;

Үздік сценарий
Рюсуко Хамагути және Такамаса Оэ — "Менің көлігімді жүргізіңіз" / Drive My Car (Жапония), режиссері – Рюсукэ Хамагути; 

Қысқамерлі фильм Алтын Бұтақ

"Tian Xia Wu Ya", режиссері – Tang Yi

Қысқа метражды фильмдер байқауында қазылар алқасының арнайы жүлдесі
"Éu de Agosto", режиссері – Jasmin Tenucci

Алтын камера (Caméra d'or)
"Murina", режиссері – Antoneta Alamat KusijanovIic

Негізгі байқаудағы үздің фильмге берілетін  ФИПРЕССИ сыйлығы
"Менің көлігімді жүргізіңіз" / Drive My Car (Жапония), режиссері – Рюсукэ Хамагути;

"Ерекше көзқарас" байқауындағы үздік фильм үшін ФИПРЕССИ сыйлығы
"Un Monde" (Бельгия), режиссері – Лаура Вандел;

Параллель бөлімдердің біріндегі бірінші немесе екінші фильм үшін FIPRESCI сыйлығы
"Қауырсын" / Feathers (Египет), режиссері – Омар Эль Зохайри 

Экуменикалық қазылар сыйлығы
"Менің көлігімді жүргізіңіз" / Drive My Car (Жапония), режиссері – Рюсукэ Хамагути;

Экуменикалық қазылар алқасының ерекше сыйлығы
"Алтыншы купе" / "Compartment No.6" / "Hytti Nro 6" (Финляндия), режиссері Юхо Куосманен;

Канн кинофестивалінің үздік деректі фильмі үшін қазылар алқасының арнайы сыйлығы (L'oeil d'or)
"Бабий Яр. Контекст" (Украина), режиссері – Сергей Лозница; 

Режиссер Кира Коваленко

Ерекше көзқарас байқауы

Гран-при
"Жұмылған жұдырық" / Unclenching the Fists (Ресей), режиссері – Кира Коваленко;

Қазылар алқасы сыйлығы
"Great Freedom" (Австрия), режиссері – Себастьян Майзе;

Қазылар алқасының арнайы сыйлығы
"Түнгі оттар" / Noche De Fuego (Мексика), режиссері – Татьяна Уэсо;

Ансамбль сыйлығы
"Bonne Mère" (Франция), режиссері – Hafsia Herzi;

Ерлік сыйлығы
"La Civil" (Румыния, Бельгия), режиссері – Teodora Ana Mihai (дебют);

Шынайылыққа берілетін сыйлық

 "Тоқтылар" / "Lamb" (Исландия), режиссері – Valdimar Jóhannsson;

Т. Раушанұлы