"Тақтар ойыны" негізінде тағы екі серия түсіріледі

HBO Max стримингтік платформасы "Тақтар ойыны" негізінде тағы екі анимациялық сериал түсіреді.

Осы жылдың қаңтарында стримингтік платформа бір анимациялық жобаның жасалғаны туралы хабарлады.

Үш серияның біреуінің әрекеті көрермендер алғашқы сериядан көрмеген  Алтын империя – И ти аумағында өрбиді.

Бұл жерлер "Тақтар ойыны" әлеміндегі ең көне елдер қатарына жатады. Жазушы Джордж Мартин ежелгі Қытайдың империяларынан шабыт алып сюжетке бұл империяны енгізген.

HBO Max әлі екі жаңа жоба туралы толық ақпарат берген жоқ.

Айта кетейік, "Тақтар ойыны" – Джордж Р.Р.Мартиннің "Мұз бен от туралы ән" романының негізінде түсірілген америкалық фэнтези телесериал. Режиссерлері – Дэвид Бениофф пен Д.Б.Вейсстің. Түсірілім Ұлыбритания, Мальта, Хорватия, Исландия және Марокко сынды бірнеше елдерде өткен.