Қазақ киносының мэтрі Сатыбалды Нарымбетов дүниеден озды

Белгілі кинорежиссер, киносценарист, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, тәуелсіз "Тарлан" және Француз киноөнер Академиясы Жорж және Рита Садуль атындағы жүлдесінің иегері,  бірнеше беделді Халықаралық кинофестивальдердің жүлдегері Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов 75 жастан асқан шағында өмірден өтті.

Кинематография тарихында есімі алтын әріптермен жазылған асыл азамат, талант иесінің жаны жаннатта болсын, нұры пейіште шалқысын.

Барша қазақ халқына, режиссердің отбасына редакция атынан қайғырып көңіл айтамыз.

Естеріңізде болса, маэстро Massaget.kz сайтының "Айна" жобасының алғашқы қонағы болып, тұсауын кесіп берген болатын.

Тұтас буынға үлгі болар тұлғаның өнегелі өмірі мен бар болмысына қайта үңіліп, ұлағатты ойларына құлақ түріп, санамызда жаттайық.

Сатыбалды Нарымбетов: «Атақтың бақ не сор екені парасатқа байланысты»

“Сенім керек. Адамға сену керек” 

“Атақтың бақ не сор екені адамның парасатына байланысты” 

“Бақыт – ұзақ еңбек пен жақсылыққа деген ұмтылыстың жемісі” 

“Адам қиянатты дүниетанымның тарлығынан көреді” 

“Бірінші болып кешірім сұрау адамды рухани байытады” 

“Ең қасиетті мекен – Жерусалем. Жер + су+ әлем” 

“Мен – адамзат деген халықтың өкілімін” 

“Абайға қайта-қайта ораламын. Әр оралған сайын үнемі жаңалық көретінім таң қалдырады” 

“Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді. Себебі, ол қар астынан шығады” 

“Әйелге тән ең жақсы қасиет – құпия бола білуі” 

“Қазақ кедейлікке көнбіс, байлыққа шыдамайды екен” 

“Құдайдың алдына барсам, өз-өзіме қойған сауалдардың жауабын сұрар ем”.