Pixar-дың жаңа "Лука" мультфильмі қазақша дубляждалды

Pixar студиясының "Лука" атты жаңа туындысы қазақ тілінде дубляждалған 37-ші мультфильм болды.

Голливуд киностудияларының отбасылық фильмі "Болашақ" корпоративтік қоры және "Меломан" компаниясының бастамасымен дубляждалды.

"Өзіңен баста" фильмдерді дубляждау жобасы – "Болашақ" қорының қамқорлық кеңесінің құрметті мүшесі, "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің белсенді қатысуымен және қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

10 жыл ішінде жоба отандық бизнестің қолдауымен жұмыс істейді. Демеушілер мен меценаттардың қамқорлығының арқасында миллиондаған қазақстандықтар сүйікті кейіпкерлерін ана тілінде тыңдайды. "Лука" – BI Group холдингінің демеушілігімен дубляждалған 12-ші фильм.

"Лука" – бұл жас итальялық режиссер, "Оскар" сыйлығына үміткер Энрико Касаросаның дебюттік картинасы. Бұрын Касарос "Рататуй" және "Коконың құпиясы" фильмдерінің сценарийлерін жазған. "Лука" әлемге әйгілі композитор Эннио Морриконені еске алуға арналған.

Сюжет итальялық Ривьерада кездесетін екі достың шытырман оқиғаларын баяндайды.

Фильм 17 маусымда қазақ кинотеатрларында қазақ және орыс тілдерінде прокатқа шығады.