Netflix: Көп қаралған фильмдер топтамасы

Netflix: Көп қаралған фильмдер топтамасы
Фото: itc.ua

Netflix компаниясы Deadline басылымында статистикасын жариялап, ең танымал әрі көп көрілген фильмдер тізімін ұсынды. Бүгін сол фильмдер топтамасын сіздермен бөліспекпіз. 

"Тайлер Рейк: Операция по спасению" / "Тайлер Рейк: Құтқару операциясы"
(99 миллион көрілім)

Бас кейіпкерді атақты актер Крис Хемсворт сомдайды. Абақтыда отырған үндістандық есірткі делдалының ұлын кепілге алған. Жалдамалы жендеттер тобы оны қылмыскерлер тобынан босатып алмақ. Бұл топтың басшысы ретінде бұрын әскери қызмет атқарған Тайлер Рейк тағайындалады. Ол қарулы күзеттен сытылып шығып, баланы құтқарғанымен оны қауіпсіз жерге жеткізгенше түрлі шытырман оқиғаны бастан кешеді.  

"Птичий короб" / "Құс қорабы"
(89 миллион көрілім)

Хоррор жанрындағы фильмде басты рөлді Сандра Буллок сомдайды. Бес жыл бұрын елде белгісіз бір жайт орын алады: түсініксіз нәрсені көрген кез келген адам өз өмірін өлімге қияды. Екі баламен жалғыз қалған әйел радиодан қауіпсіз аймақ туралы естиді. Қорапқа тотықұстарды салып және жанына балаларын алып жолға аттанады. 

"Правосудие Спенсера" / "Спенсердің әділ соты"
(85 милллион көрілім)

Марк Уолберг бас кейіпкерді сомдайтын детектив әрі әскери фильм. Бостон полиция қызметкері бес жыл бұрын өз капитанына шабуыл жасағаны үшін абақтыға қамалады. Абақтыдан шыққан кейін де басқа мәселелермен бетпе-бет келеді. 

"Призрачная шестерка" / "Елесті алтау"
(83 миллион көрілім)

Райан Рейнольдсті сомдауында бас кейіпкер өз өлімін қолдан жасап, жаңа өмір бастауға бел буады. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен әлемдегі жауыздықпен күресуге дайын жандардың басын қосады. Осылайша жаңа супер қаһармандар тобы жұмысын бастайды.

"Загадочное убийство" / "Жұмбақ өлім"
(83 миллион көрілім)

Комедия фильмдер жұлдызы Адам Сэндлер мен Дженнифер Энистон еңбек демалысына Еуропаға аттанады. Олар жаңа достарымен беймәлім кештен бір шығады. Сол кеште миллиардер қаза табады. Кемедегілермен бірге бұлар да күдіктілер тізіміне енеді.  

 "Бессмертная гвардия" / "Мәңгілік гвардия"
 (78 миллион көрілім)

Бас кейіпкерді Шарлиз Терон сомдайды. Фильм ешқашан өлмейтін, ғасырдан ғасырға, дәуірден дәуірге өтіп жауыздықпен күресіп жүрген әскерлер жайында болмақ.  

"Энола Холмс"
(76 миллион көрілім)

"Тым оғаш оқиға" атты сериалдың жұлдызы атанған Милли Бобби Браун бұл жолы беделді тыңшы Шерлок Холмстың қарындасының рөлін сомдайды. Бойжеткен анасының жоғалып кеткеніне алаңдап, оны іздеуге тырысады. Іске ағалары да араласады. 

"Проект Power"  / "Power жобасы"
 (75 миллион көрілім)

Оқиға Жаңа Орлеанда өтеді. Бұл аймаққа бес минут қана ерекше қабілет беретін капсулалар алып келеді. Адамның қандай күшке ие болатыны белгісіз: біреуі көзге көрінбей кетеді, бірі жылдам жүгірсе, енді бірі сол бойда өліп, қайта тірілуі әбден мүмкін. 

"Полуночное небо" / "Түнгі аспан"
(72 миллион көрілім)

Апаттан кейін арктикалық зерттеу орталығында жалғыз қалған астроном басынан кешкендерін баяндайтын фантастикалық триллер. Бас кейіпкерді актер Джордж Клуни сомдайды. 

"Армия мертвецов" / "Тірі-өліктер әскері"
(72 миллион көрілім)

Лас-Вегастағы зомби-апокалипсистен кейін қылмыскерлер тобы тарихтағы ең үлкен ұрлық операциясын іске асыру үшін карантин аймағына жол тартады. Олардың ойлағанына тірі-өліктерден басқа не кедергі болуы мүмкін?

Т. Есқали