Танымал актер Фархат Абдраимов қайтыс болды

Танымал актер Фархат Абдраимов қайтыс болды

Қазақстандық актер Фархат Абдраимов Грузияда фильмнің түсірілім алаңында қайтыс болды.

"Атақты актер және жақсы адам Фархат Абдраимов Грузияда фильмнің түсірілім алаңында қайтыс болды. Қаңтарда ол 55 жасқа толған еді", - деп жазды журналист Михаил Козачков Telegram-да.

Кейінірек ақпаратты "Қазақфильм" де растады.

Кеше, 20 мамырда Фархат Абдраимов Фейсбук пен Инстаграммда Тбилисиде «Махаббаттан да зор Тбилиси» фильмінің түсірілімінен видео жариялаған болатын.

Фархат Нұрсұлтанұлы Абдраимов 1966 жылы 21 қаңтарда Алма-Атада (қазіргі Алматы) дүниеге келген. Ол "Фара", "Қызғылт қоян туралы ертегі", "Рэкетир-2", "А-ға оралу" және басқа да фильмдердегі рөлдерімен танымал.

Т. Раушанұлы