Надира Ахонова – "Эмми" премиясын алған продюсер

Надира Ахонова – "Эмми" премиясын алған продюсер
Фото: brod.kz

Надира Ахонова – "Эмми" премиясын алған продюсер, Семей қаласының тумасы. Ахонова ханым – әлем аудиториясына қарапайым халық мұңы мен зары туралы фильмдер ұсынған алғашқы продюсерлердің бірі.

Ахонованың жобалары алуан түрлілігімен ғана емес, толыққанды ақпарат беруімен және қызықтығымен де баурап алады, олар спорт, саяхат, спиритизм, экономика және мәдениет сияқты тақырыптарды қамтиды.

Надира халықаралық аудиторияға контент ұсыну бойынша Еуропа, Америка мен түркі әлемі елдерін қамтып үлгерген, ол Three Flames Pictures (Голливуд, Калифорния), Northern Banner (Торонто, Канада), Black Lion Pictures (Kajaani, Финляндия), BKM Mutfak пен Tworld.tv (Стамбул, Түркия) сынды атақты продюсерлік компаниялармен бірлесе жұмыс істейді.

Проюсер ретіндегі мансап жолында Ахонова ханым осы өндіріс саласының HBO, Vice Media, Bloomberg сынды алпауыттарымен қызметтес болды. Ол қол жеткізген атақ, даңқтардың толық тізімі мынадай:

HBO-мен бірлескен “Генетикалық паспорт” жобасы үшін Emmy Award алса, Bloomberg Media-мен бірлескен "Менің Қазақстаным" жобасы үшін Telly Award марапатын иеленді.

Ол сонымен бірге, британиялық режиссер Энтони Баттспен "Апокалипсистен кейін", Vice Media-мен "Ресейге саяхат", африкалық SABC каналымен Issues of Faith - The Spiritual Ambassador, HBO-мен "Бокстан әлем чемпионаты GGG", PPTV "Каруна Буакамсримен әлем шарлау" жобаларын бірлесе жасаған.

Моңғол режиссері Ганболдин Эрденебилагтың "3riple B", "Reparation", "The Steed" сынды көркем фильмдері Сан-Диегода өткен кинофестиваль мен "Кино рухы" аталатын Ольденбург кинофестивалінде үздік толықметражды фильм атағын алса, Колорадоның Орей қаласында өткен Халықаралық кинофестивальде "Көрермен көзайымы", "Халықаралық кино өндіріс саласында жеткен жетістіктері үшін арнайы приз" номинацияларын алды, Ұлан-Батырдағы Халықаралық кинофестивальде "Үздік сценарий" сыйлығын иеленді. Гоада өтетін 50-ші Халықаралық үнді кинофестиваліне іріктеліп алынды, АҚШ-та өтетін Палм-Спрингс Фестивалінің Халықаралық кино аталымына, Ирландияның Белфаст қаласындағы Балалар кинофестиваліне қабылданды. Фильм "Оскар" премиясының шорт-листына ілікті.

Актриса ретінде Надира жапон режиссері Масару Ясокаваның "Discommunication" аталатын қысқамертражды фильміне түсті. Фильм 71-ші Канн кинофестиваліне ілікті. Шарада ол "7 Rounds" фильмін Short Film Corner "Discommunication" фильмі мынадай кинофестивальдерде көзге түсті: "Sand Dance Халықаралық кинофестивалі", "Уруваттидегі Халықаралық кинофестиваль", "Андаман және Никобар аралдарындағы Халықаралық кинофестиваль", "Порт-Блэрдегі Халықаралық кинофестиваль", "Жарық пен болашақ" Халықаралық кинофестивалі, иеленген аталымдар легі мынадай Үздік криминалды қысқа метражды фильм", "Үздік режиссер", "Үздік қысқаметражды триллер".

Қазір ол "Three Flames Pictures-пен" бірлескен "Shame" фильміне түсіп жатыр. Ол Марго Робби, Джулия Робертс ізімен аталған туындыда басты рөлді сомдап қана қоймай, фильмнің продюсері қызметін атқарады.

– Соңғы фильміңіздің атауы қандай? Оның режиссері кім? Негізгі актерлер кімдер? Фильм қай жерде, қандай стильде және жанрда түсірілді?

– Соңғы фильміміздің атауы – "Shame". Режиссеры Кайхан Басоглу.

Басты кейіпкерді "Қалға: Абдулхамид", "Ұйқы" және басқа сериалдарда ойнаған әйгілі актер Джейхун Менгироглу сомдайды.

Сонымен қатар, біз бұл фильмге белгілі дыбыс инженері және музыкалық продюсер – Виль Масисактың қатысқанын қуана хабарлаймыз Триллерде дыбыстық дизайн өте маңызды және Уил фильмге иммерсивті дыбыс шығару үшін не қажет екенін жақсы біледі.

Бір қарағанда, біздің компания мәдени құндылықтарға бағытталған деп есептегенде, оның қорқынышты фильм түсіруі таңқаларлық таңдау болып көрінуі мүмкін. Егер сіз бұл туралы шынымен ойласаңыз, қорқыныш – бұл әмбебап эмоция және барлық мәдениеттерде қорқыныш тудыратын оқиғалар мен жағдайлар болады. Адамдар фильм көргенде мән-жайды басқа біреудің қабылдау призмасы арқылы көруге мәжбүр болады. Осылайша, олар көбінесе олардың кейіпкерлерден өзгешеліктеріне қарағанда ұқсас екенін көреді. Дұрыс түсірілсе қорқынышты фильм тәжірибені одан әрі жандандыра алады. Қорқынышты фильм енді тек қан емес. Біз адамның ішіндегі өз құбыжығын көрерменге көрсете алуымыз керек.

– Неліктен Түркияда фильм түсіруге шешім қабылдадыңыз?

– Түркиядағы кино мені қызықты оқиғалармен, әдемі актерлермен қызықтырады.

Түркия өзінің пейзажымен ең талғампаз көрерменнің сұранысын қанағаттандырады. Мұнда бәрі бар: таулар мен теңіз және ормандар. Климаттың өзі жылдың кез келген уақытында фильм түсіруге мүмкіндік береді. Түрік киносы көрерменді өткір сюжетпен баурап алатын сериалдарының арқасында бүкіл әлемге танымал.

– Фильмге қандай жоспарларыңыз бар? Сіздің мақсатыңыз қандай? Түркияда фильмді прокатқа шығару туралы ойыңыз ма?

– Біз бұл фильмді көптеген кинофестивальдерге жіберуді жоспарлап отырмыз. Фильм сонымен қатар Түркия мен басқа елдердің кинотеатрларында прокатқа шығады.

Т. Раушанұлы