Ұлы жазушылар туралы фильмдер

Ұлы жазушылар туралы фильмдер
Фото: kino-teatr.ru

Жазушылардың туындылары негізінде түсірілген фильмдер жеткілікті. Бірақ, фильмді жазушылардың өзіне арнасақ, қалай болар екен?

"Колетт"

Француз жазушысы Сидони-Габриэль Колетт туралы фильмдегі бас кейіпкерді Кира Найтли сомдайды. XX ғасырдың басында танымал болған жазушы өзінің қайсар мінезімен көзге түскен. Жазушы Анри Готье-Вилларға тұрмысқа шыққанымен жарының тек өз мақсатына қолданып жүргенін түсінген бойда ажырасқан. Кейін биші Мулен Ружбен көңіл қосып, Парижды ер адам костюмін кию арқылы таңғалдырған. Кейін оның "сүйіктілері" де көп болған деседі. Оның жеке өмірі оның кітап жазуына және Гонкуров академиясының мүшесі болуына кедергі келтірмеген. 

"Поттер ханым" / "Мисс Поттер"

Питер қоянды өмірге алып келген Беатрис Поттер XIX ғасырдың аяғында авторлық құқыққа ие болу үшін таласады. Рөлдерді атақты актерлер Рене Зеллвегер мен Юэн МакГрегор сомдайды. Фильмнің жарыққа шыққанына 15 жыл болса да, өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. Өйткені, фильмде теңдік мәселесі, әйел адамның құқығының тапталмауы да көтеріледі.

"Қош, Кристофер Робин!" / "Прощай, Кристофер Робин!"

Атақ пен ақша өмірге жайлылық әкелмейтініне миллиондаған баланың сүйікті кейіпкері Винни-Пухты ойлап тапқан Алан Александр Милн дәлел. Ол еңбек жолын еңбек жолын ертегі жазудан бастамаған. Талай әңгіме жазса да, оған табысты ұлы ойлап тапқан кейіпкер алып келеді. 

"Жар жағалаған жалғыз" / "За пропастью во ржи"

Джером Сэлинджер — XX  ғасырдың тұйық әрі жұмбақ жазушыларының бірі. Оның "Жар жағалаған жалғыз" кітабын әлемде жасөспірімдердің басым бөлігі оқыды. Бас кейіпкерді Николас Холт сомдайды. 

"Джейн Остин"

1795 жылы Англияда ең атақты жазушылар қатарына еңген әйел адам бар. Джейн Остин XIX ғасырдағы әдебиетте ең үздік роман жазушыларының бірі саналған еді. Оның кейіпкерлерінің болмысы Остиннің өзіне ұқсатып жасалған. Тік мінезді, қайсар, өз дегенінен таймайтын қыздар бүгінде еркіндіктің, нәзіктік пен ақылдың символы атанды. Бас кейіпкерді Энн Хэтэуэй сомдайды.

Т. Есқали