"Чикаго жетілігін соттау" актерлер Гильдиясының басты сыйлығын иеленді

"Чикаго жетілігін соттау" актерлер Гильдиясының басты сыйлығын иеленді
Фото: koicine.com

Лос-Анджелесте Америка Құрама Штаттарының 27-ші актерлер Гильдиясының марапаттау рәсімі өтті. Картинаның үздік актерлік құрамы үшін бас жүлдені Аарон Соркиннің "Чикаго жетілігін соттау" (The Trial of the Chicago 7) фильмі иеленді.

Бұл сыйлыққа "Ма Рейн: Блюздің анасы" (Ma Rainey's Black Bottom), "Минари" (Minari), "Майамидегі бір түн" (One Night in Miami) және "Қандас бесеу" (Da 5 Bloods) фильмдері де ұсынылған болатын.

"Үздік актер" сыйлығын "Ма Рейн: Блюздің анасы" фильміндегі (Ma Rainey's Black Bottom) рөлі үшін Чадвик Боузман иеленді.

Номинанттар:

Риз Ахмед ("Металл дыбысы")
Энтони Хопкинс ("Әке")
Гари Олдман ("Мунк")
Стивен Янг ("Минари").

Үздік актриса сыйлығын да "Ма Рейн: Блюздің анасы" филміндегі Виола Дэвис иеленді.

Номинанттар:

Эми Адамс ("Хиллбилли эллегиясы")
Ванесса Кирби ("Әйел фрагменттері")
Фрэнсис МакДорманд ("Көшпенділер елі")
Кери Муллиган ("Болашағынан үміт күттіретін қыз")

Екінші пландағы үздік актер сыйлығын "Иуда және Қара Мессия" (Judas and the Black Messiah) фильміндегі рөлі үшін Даниэль Калуя иеленді.

Номинанттар:

Чадвик Босеман ("Қандас бесеу")
Сача Барон Коэн ("Чикаго жетілігін соттау")
Джаред Лето ("Ібіліс бүге-шегесіне дейін")
Кіші Лесли Одом ("Майамидегі бір түн").

Екінші пландағы үздік актриса сыйлығын "Минари" (Minari) фильміндегі Юн Еджон иеленді.

Номинанттар:

Мария Бакалова ("Борат-2")
Гленн Клоуз ("Хиллбилли элегиясы")
Оливия Колман ("Әке")
Хелена Ценгель ("Әлемнің әр түкпіріндегі жаңалықтар")

Жеңімпаздардың толық тізімімен мына жерден таныса аласыздар.

Т. Раушанұлы