Балалармен бірге көруге болатын фильмдер

Балалармен бірге көруге болатын фильмдер

Кейде отбасымен отырып, теледидар немесе кино көргің келеді. Ондайда балаға да, ересекке де бірдей ұнайтын фильм таппай қиналып кетеміз. Бүгін отбасылық демалысқа бірге көруге болатын фильмдер топтамасын ұсынамыз.

Paddington / Паддингтонның басынан кешкендері  / Приключения Паддингтона 

Егер үйіңізде үстіне күртеше киген, ылғы қызықты оқиғаларға тап болатын қонжық қонақ болса қайтер едіңіз? Мысалы Лондонда тұратын Браун әулеті бұндай қонақты күтпеген еді. Олар қонжықты теміржол бекеттерінің бірінде кездестіреді. Алыс Перуден келген ол қаланың өмір ырғағынан қорқып қалса керек, отбасы оны үйге алып кетуге шешім қабылдайды. 

Дамбо

Ұзын құлақты піл баласын ерекшелігі үшін біраз келеке қылады. Дегенмен ол ерекше болып танылады. Фильмның жаңа нұсқасы ескі Дисней нұсқасынан ерекшеленеді. Бірақ соған қарамастан цирк әлеміне саяхаттауға кедергі келтірмейді. Фильм балаларға кемшілікті ерекшелікке айналдыруды, таланттың арқасына биікті бағындыруды үйретеді. 

The Water Horse / Су динозавры / Мой домашний динозавр

Соғыс. Қиын күндерідің бірінде шотланд өзенінің жағалауынан Ангус есімді балақай жұмбақ жануардың жұмыртқасын тауып алады. Үйге алып келген ол оның ішінде кішкентай су динозавры барын аңғарады. Оны Крузо деп атайды. Балақай оны бағып-қағып қана қоймай, оны ересектерден тығып өсіруге тырысады.

Homeward Bound: The Incredible Journey/ Үйге қайтар жол / Дорога домой 

Туған жерден асқан жайлы жер жоқ. Сол жерде жылу бар, сені күтіп отырған адам бар. Тіпті жануарлар үшін де дәл солай. Ақылды ит Шэдоу, кішкентай Шанс және мысық Сассидің басынан кешкен оқиғаларын көру үшін "Үйге қайтар жол" деген фильмді көруді ұсынамыз.Олардың сүйікті иелеріне оралу жолдарында тап болған шытырман оқиғаларынан алар сабақ көп. 

Гарфилд

Гарфилд — еріншк қызғылт мысық, ол тамақ ішіп, теледидар қарап жатқанды жақсы көреді. Бірақ бір күні оның иесі Джон жаңа үй жануарын алып келеді. Сүйкімді ит Одимен кездесуге Гарфилд асақуана қоймайды, керісінше одан құтылуға асық болды. Кейін Одиді белгісіз біреулер ұрлап кеткенде, ол оның тағдырана алаңдап бастайды. 




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар