"Алтын глобус"-2021 сыйлығының иегерлері анықталды

"Алтын глобус"-2021 сыйлығының иегерлері анықталды

Лос-Анджелесте 1 наурыз, дүйсенбіге қараған түні 78-ші рет "Алтын глобус" марапаттау рәсімі өтті. Түннің басты сыйлықтарының бірі – үздік драмалық сериал – Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің билігі туралы бейнеленген "Тәж" (The Crown) тарихи драмасына берілді.

"Тәж" (The Crown)

Сериалдағы ханзада Чарльздің рөлін ойнаған Джош О'Коннор "Алтын глобус" сыйлығын "Үздік актер" номинациясы бойынша иеленсе, "Тәж" фильмінде Ұлыбритания ханшайымы Диана рөлін сомдаған Эмма Коррин "Алтын глобус" байқауында "Үздік актриса" номинациясы бойынша лауреат атанды.

"Патшайым жүрісі" (The Queen's Gambit)

"Патшайым жүрісі" (The Queen's Gambit) психологиялық триллері ең жақсы мини-сериал деп танылды, ондағы актриса Аня Тейлор-Джой мини-сериалдың үздік актрисасы атанды.

"Чикаго жетілігін соттау" (The Trial of the Chicago 7)

Үздік сценарий сыйлығы Аарон Соркингке 1960 жылдардың аяғында АҚШ-тағы Въетнам соғысына қарсы белсенділердің соты туралы "Чикаго жетілігін соттау" (The Trial of the Chicago 7) тарихи драмасы үшін берілді.

"Жан" (Soul)

Үздік анимациялық фильм номинациясы Pixar-дың "Жан" (Soul) мултфильміне берілді.

Көшпенділердің елі" (Nomadland)

"Үздік драмалық фильм" номинациясы бойынша "Алтын глобус" Хлоя Чжаоның "Көшпенділердің елі" (Nomadland) фильміне бұйырды.

Алтын глобус сыйлығының иелері:

Драма жанрындағы үздік фильм: "Көшпенділер елі" (Nomadland);

Үздік комедия немесе мюзикл: "Борат 2";

Үздік режиссер: Хлоя Чжао;

Үздік сценарий: Аарон Соркин;

Үздік актер (драмалық фильмде): Чедвик Бузман;

Үздік актриса (драмалық жанрлық фильмде): Андра Дэй;

Үздік актер (комедияда немесе мюзиклде): Саша Барон Коэн;

Үздік актер (комедияда немесе мюзиклде): Розамунд Пайк;

Екінші пландағы үздік актер: Даниэль Калуя;

Екінші пландағы үздік әйел рөлі: Джоди Фостер;

Үздік шетел тіліндегі фильм: Минари (Minari) – Оңтүстік Корея;

Үздік анимациялық фильм – "Жан" (Soul) – Pixar

Үздік саундтрек: Трент Резнор, Аттикус Росс, Джон Батисте;

Үздік ән: "Io Sí (Seen)" "Өмір алда" фильмі (La vita davanti a sé;)

Сесилла Б. атындағы мансабындағы жетістіктері үшін Құрметті Алтын Глобус: Джейн Фонда;

Үздік телехикая: "Тәж";

Үздік комедия сериясы: Шиттс Крик;

Үздік фильм немесе шағын серия: "Патшайым жүрісі";

Үздік актер (драмалық сериалда): Джош О'Коннор;

Үздік актриса (драмалық сериалда): Эмма Коррин;

Үздік актер (комедиялық сериал): Джейсон Судейкис;

Үздік актриса (комедиялық сериал): Кэтрин О'Хара;

Үздік актер (телесериал немесе мини-сериал): Марк Руффало;

Үздік актриса (телесериалда немесе мини-сериалдарда): Аня Тейлор-Джой;

Теледидардағы ең жақсы қосалқы актер: Джон Бойега;

Теледидардағы ең жақсы көмекші актриса: Джиллиан Андерсон;

Теледидарға қосқан үлесі үшін арнайы сыйлық: Норман Лир.





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

"Уланған" көлдер
Marhaba Sabi – Mi, Qi