2021 жылы жарыққа шығатын ғылыми фантастикалық 12 фильм

2021 жылы жарыққа шығатын үздік ғылыми фантастикалық фильмдер тізімін ұсынамыз. 

"Жыртқыш аңшысы"\Monster Hunter

АҚШ, Германия, Жапония, Қытай, 2020 ж.

Жанры: Боевик, фантастика

Премьера: 28 қаңтар

Фильмдегі шытырман оқиғалар лейтенант Артемида бастаған БҰҰ әскери қызметкерлері тобының жыртқыштар мекендейтін параллель әлемге тап болуынан басталады. Жауынгерлер тек жұмбақ аңшының көмегіне сенуге мәжбүр болады. Аталмыш фильмде "Бесінші элемент" (The Fifth Element), "Зұлымдық мекені" (Еsident Evil) фильмдерімен танымал болған актриса Милла Йовович басты рөлде ойнайды.

2. "Хаос қадамы"\Chaos Walking

АҚШ, Канада, 2021 жыл

Жанры: Ғылыми фантастика, шытырман оқиға.

Премьера: 25 наурыз.

Том Холланд ("Өрмекші адам: Үйге оралу") пен Дейзи Ридли ("Жұлдыздар соғысы: Күштің оянуы") Патрик Несстің шығармасы бойынша түсірілген фильмде басты рөлді сомдайды. Фильм сюжеті бойынша адамдар отарлаған ғаламшардағы Пренсистаун қаласында тек ер адамдар ғана тірі қалған әлемде өмір сүреді. Олардың барлығы бір-бірінің ойын оқи алады. Бірақ бір күні жасөспірім Тодд Хьюитт бұл қабілет жоғалатын жер бар екенін анықтайды. Ол сол мекенді іздеп жүріп бір қызбен танысады.

3. "Годзилла Конгқа қарсы"\Godzilla vs. Kong

АҚШ, 2021 жыл

Жанры: Ғылыми фантастика, боевик, ужас

Премьера: 25 наурыз.

Фильмде екі әйгілі жыртқыштың текетіресі баяндалады. Годзилланы 2014 жылы тапқан "Монарх" ұйымы әр түрлі салада оны пайдаланады.

Годзилла мен Кинг Конг 1962 жылы жапон фильмінде кездескен болатын. Фильм Тохо студиясының 30 жылдығына орай түсірілген және әлі күнге дейін бұл картина коммерциялық тұрғыдан ең сәтті жоба.

"Басты қаһарман"\Free Guy

АҚШ, Канада, Жапония, 2021 ж.

Жанры: Ғылыми фантастика, комедия, боевик.

Премьера: 20 мамыр.

Райан Рейнольдс кезекті комедия жанрындағы кинода ойнайды. Фильмдегі оқиға компьютерлік ойын әлемінде өтеді. Рейнольдстың кейіпкері – қалыпты өмір сүретін қарапайым адам. Бірақ бір күні ол басты қаһарманға айналып, әлемді құтқаруды мақсат етеді.

5. "Шексіздік"\Infinite

АҚШ, 2021.

Ғылыми фантастика, триллер.

Премьера: 27 мамыр.

Экшн шебері Антуан Фукуа режиссер болған бұл фильмде басты рөлді Марк Уолберг сомдайды. Фильм сюжеті бойынша Эван Майклс (Марк Уолберг) ерекше аурумен ауырады. Ол өзінің өткен екі өмірінде не болғанын егжей-тегжейлі есінде сақтаған. Бұл жұмбақтың шешімін табу үшін Эван ежелгі құпия қоғамға «Когноминаға» тап болады, оның мүшелері ол сияқты өзінің өткен өмірін еске сақтаған. Тарихты өздері жақсы білген олар адамзаттың дамуын ғасырлар бойы басқарып, оны дұрыс бағыттап келеді. Эван «Конгомина» қатарына қосылуы керек екенін түсінеді.

6. "Веном: Қанды қырғын болсын" \ Venom: Let There Be Carnage

АҚШ, 2021.

Жанры: Ғылыми фантастика, триллер.

Премьера: 24 маусым.

Том Харди сүйікті журналист Эдди Брок рөліне қайта оралады. Фильмнің жалғасында Жерде қалған Venom жаңа қауіпті келімсектер – Carnage және Screech-пен күреседі.

 7. Болашақ соғысы\ The Tomorrow War

АҚШ, 2021.

Жанры: Ғылыми фантастика, экшн, триллер.

Премьера: 22 шілде.

Крис Пратт (Галактика күзетшілері) мен Ивонне Страховски (Қоянның ертегісі) Крис Маккейдің фантастикалық экшн-фильмінде (Лего фильмі: Бэтмен) басты рөлді сомдайды. Фильм адамзат келімсектермен соғыста жеңіліп жатқан әлемді баяндайды. Басқыншыларға қарсы тұру үшін ғалымдар өткен өмірдегі сарбаздарды қайта шақыру әдісін ойлап табады.

8. Тыныш мекен – 2\ A Quiet Place: Part II

АҚШ, 2020.

Жанры: Ужас, триллер.

Премьера: 8 қыркүйек.

Джон Красинский әйгілі фантастикалық картинаның жалғасын түсірді. Екінші бөлімде Ли Эбботтың әйелі мен балалары жаңа қауіпсіз жерге көшуге тырысады. Бірақ жолда кейіпкерлерге тырс еткен дыбысты еститін құбыжықтар қауіп төндіреді.

9. Дюна\Dune

АҚШ, Канада, Венгрия, 2021 ж.

Жанры: Ғылыми фантастика, шытырман оқиға.

Премьера: 16 қыркүйек.

2021 жылы киномандар күтіп отырған басты фильмнің бірі – режиссер Денис Вильнювтің Фрэнк Герберт шығармасы бойынша түсірген Дюна фильмі. Фильм сюжеті бойынша Атрейдес әулеті Арракистің құм планетасына Императордың бұйрығымен келеді. Бірақ барон Харкон сатқындық жасағаннан кейін, жас Павел шөл далада жасырынып, содан кейін фремен тайпасын басқарады.

Басты рөлдерді Тимоти Чаламет, Ребекка Фергюсон, Оскар Исаак, Джош Бролин және басқалар сомдайды.

10. Мәңгілік\ Eternals

АҚШ, 2021ж.

Жанры: Боевик, фантастика

Премьера: 4 қараша.

Фильм көрермендерді адамзаттан тыс нәсілмен таныстырады. Олар адамзат пайда болғаннан әлдеқайда бұрын болған және қазір олар әлемді зұлым девианттардан қорғауды өздеріне міндет етіп алған.

11. Елес аулаушылар: Мұрагерлер\ Ghostbusters: Afterlife

АҚШ, Канада, 2021 ж.

Жанры: Ғылыми фантастика, ужас, комедия.

Премьера: 11 қараша.

Комедиялық фильмнің сюжеті жалғызбасты ана мен оның екі баласы туралы. Олар Оклахомадағы ескі фермаға көшіп келеді. Бұл мекенде олар басқа әлем күштерін кездестіреді. Сонымен бірге олар ескі елес  аулаушылардың машинасын тауып алады.

12. Матрица-4\ The Matrix 4

АҚШ, 2021.

Жанры: Ғылыми фантастика, триллер.

Премьера: 16 желтоқсан.

Matrix 4 – бұл матрица сериясының кезекті бөлімі. Вачовски дуэті үш бөлімге режиссерлік етіп, сценариін жазды. Ал Джоэль Сильвер продюсер болды. Алдыңғы үш фильмнен айырмашылығы, төртінші фильм Лили Вачовски мен Сильвердің қатысуынсыз түсірілген.

Алдыңғы фильмдердегідей, "Матрица 4" сюжеті бойынша Жерге бақылау орнатқан "Матрица" компьютерлік жүйесі мен оған қарсы шыққан арнайы топ арасында соғысты баяндайды.