Ақпан айында қандай фильмдер жарыққа шығады?

Ақпан айында қандай фильмдер жарыққа шығады?
Фото: afisha.ru

Жылдың ең қысқа айында бізді онлайн форматта көптеген жаңа туындылар қуантпақ. Стриминг сервистерінде "Эйфория" сериалының авторы Сэм Левинсонның "Малкольм мен Мари" атты романтикалық драмасы шығады. Одан бөлек, ғылыми-фантастикалық "Зейнет",  DC комикстерінің желісі бойынша бірне шоу да жарық көреді. Бүгін ақпан айында онлайн көруге болатын жаңа кино мен сериалдар тізімін назарларыңызға ұсынамыз.  

Жарық қоңыздар көшесі  / Улица Светлячков  / Firefly Lane
3 ақпан
Netflix

Мелодрама элементтері бар драмалық сериал бас кейіпкерлердің достық қарым-қатынасын баяндайды. Олар тағдырдың талай соққысымен бірге күресе жүріп, араларындағы достықты сақтап қалады. Бас кейіпкерлерді Сара Чок пен Кэтрин Хайгл атты атақты актрисалар сомдайды. 

Малкольм мен Мари  / Малкольм и Мари /  Malcolm & Marie 
5 ақпан
Netflix

Ақ-қара стильде түсірілген романтикалық драма көрерменге бірнеше сағат бойына жас жұптың өмірін сырттай бақылауға мүмкіндік береді.  Оқиға кинематографист пен оның сүйіктісінің арасындағы байланысты көрсетеді. Олардың қарым-қатынасы арадағы диалогтар арқылы айқындала түседі. Бас кейіпкерлерді Джон Дэвид Вашингтон мен Зендая сомдайды. 

Зейнет  / Блаженство / Bliss
5 ақпан
Amazon Prime Video

Майк Кэхиллдің авторлық ғылыми-фантастикалық драмасы өздерін параллель әлемде өмір сүріп жатыр деп есептейтін жұптың оқиғасын көтереді. Оуэн Уилсон мен Сальма Хайектің кейіпкерлерінің алдында тек мәселелерін шешіп қана қоймай, қай әлемнің шынайы екенін анықтау тұр.  

Ғарыш тазалықшылары / Космические чистильщики / Space Sweepers
5 ақпан
Netflix

Комедия элементтері бар ғылыми-фантастикалық кәріс сериалы көрерменін біраз күттірген еді. Туынды сюжеті бойынша андроид баланы тауып алып, соның арқасында табыс табуды көздегендер ойламаған жерден сәтсіздікке тап болады. Трейлері сериалды сәтті шыққандай әсер қалдырады, бірақ бізді не күтіп тұрғаны әзірге белгісіз. 

Қара жасын / Черная молния / Black Lightning
8 ақпан
The CW

DC комиксінің жанкүйердерін The CW арнасы жақсы жаңалығымен қуантпақ. Экранға "Қара жасын" сериалының 4 маусымы шағады. Афроамерикалық отбасының ерекше қабілетін туралы сериал осымен аяқталады.

Кларисса / Кларисса / Clarice
11 ақпан
CBS, more.TV

Психологиялық хоррор-триллер жанрындағы Алекс Куртцман мен Дженни Люметтің туындысы "Үнсіз қозы" (Молчания ягнят) фильмі және "Ганнибал" сериалындағы кейіпкер Кларисса Старлингтің оқиғасын баяндайды. Бұл жол кейіпкерді сомдау бақыты Ребекка Бридске бұйырды. Фильмде оның ФБР-ге келген алғашқы сәттерін, мансабы мен оған дейінгі жылдарды көрсетеді. Одан бөлек, жауыз қылмыскерлерді қолға түсіру үшін жасаған еңбегі де аталады. 

Барлық жігіттерге: махаббатпен / Всем парням: С любовью… / To All the Boys: Always and Forever
12 ақпан
Netflix

Netflix стриминг сервисінің жасөспірімдерге арналған атақты фильмі Дженни Хан бестселлерінің желісі бойынша түсірілген. Фильмінің үшінші бөлімінде бас кейіпкерді мектеп аяқтау кеші күтіп тұр. Одан бөлек, ол өміріндегі өзгерістерге дайын болуы тиіс

Барлығы адамзат үшін / Ради всего человечества / For All Mankind
19 ақпан
Apple TV+

Ғылыми фантастика элементтері кездесетін драманың жаңа маусымы шынайы оқиға негізінде түсірілген. Оқиға АҚШ пен КСРО  арасындағы ғарышты зерттеу бәсекесі туралы айтады. 

Еуропа тайпалары / Племена Европы / Tribes of Europa
19 ақпан
Netflix

Бүкіл дүниежүзілік апаттан кейін мемлекеттерді тайпалар алмастырады. Еуропа үшін сериалдың бұл жанры тың әрі ерекше.  Сериалды құрастырушылар өз ойларын мен қиялдарын көрерменге жеткізе білді ме, оны тек сериал жарыққа шыққаннан кейін ғана анықтай аламыз. 

Пеле / Pele 
23 ақпан
Netflix

Футбол жанкүйерлері үшін Netflix  ұлы спортшы туралы фильмді ұсынады. "Пеле" деректі фильмі спортшының жетістігі, оның өмірі мен мансап жолында кездескен қиындықтарды көрсетеді.

Билли Айлиш: Бұлыңғыр әлем / Билли Айлиш: Слегка размытый мир / Billie Eilish: The World's a Little Blurry
26 ақпан
Apple TV+

Соңғы жылдары тыңдармандар арасында үлкен танымалдылыққа ие болған әншінің өмірін жаңа фильм көрсетеді. Деректі фильмде оның алғашқы жазба жұмыстары, гастрольдік сапардағы қызықты оқиғалары мен танымалдылық алып келген қиындықтар көтеріледі.

Т. Есқали