Америкалықтар жылдың үздік киносын таңдады

Америкалықтар жылдың үздік киносын таңдады

Америкалық кинематография институты (AFI) 2012 жылдың үздік киносы ретінде "Операция Арго" ("Argo") фильмін таңдады.

Үздік деп таңдалған 10 кино инcтитуттың ресми сайтында 10 желтоқсан күні жарияланды. Өзі басты кейіпкер рөлін сомдаған Бен Аффликтің драмасы 12 қазаннан бастап көрсетіле бастаған. Argo киносы екі айдың ішінде 160 миллион доллар көлемінде табыс түсірген екен.

Инcтитуттың рейтінгісі бойынша, екінші орында Бен Зайтлиннің «Оңтүстіктің жабайылары» ("Beasts of the Southern Wild") фильмі. Ертеректе бұл кино Gotham Award байқауында ең үздік режисерлік жұмыс үшін марапатталған. Сонымен қатар Канн фестивалінде «Жыл жаңалығы» номинациясын жеңген.

Үшінші орында Бэтман туралы жаңа түсірілген «Түн сарбазы: Аңыздың жаңғыруы» атты фильм. Солтүстік Американың кинопрокатын жаулап алған Кристофер Ноланның бұл киносы миллиард доллардан астам пайда түсірген он екінші фильмі екен.

Сондай-ақ AFI тізіміне Квентин Тарантиноның  «Азат етілген Джанго», Том Хупердің «Елеусіздер» мюзиклі, Энга Лидің «Пи өмірі», "Линкольн", Стивен Спилбергдің «Толық ай корольдігі», Уэс Андерсонның «Менің жігітім - есуас» комедиясы, сонымен қатар 19 желтоқсан күні көрсетілімге шығатын Кэтрин Бигелоудің "Zero Dark Thirty" фильмдері енген.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет:kinokadr.ru

Л. Лига