Netflix-тің "Еуропа тайпалары" атты жаңа сериясының трейлері жарық көрді

Netflix-тің "Еуропа тайпалары" атты жаңа сериясының трейлері жарық көрді
Фото: lifehacker.ru

Netflix-тің YouTube арнасында "Еуропа тайпалары" (Tribes of Europe) фантастикалық сериясының трейлері жарық көрді.

Басты рөлдердің бірінде "Қараңғылық" сериясымен танымал болған Оливер Мазуччи ойнайды. Сериал 2074 жылғы уақиғаларды баяндайды. Болашақта жұмбақ жаһандық апаттан кейін Еуропа тайпаларға бөлініп, арасында соғыс өрті тұтанады. Бейбіт Оригини тайпасынан шыққан үш ағайынды Киано (Эмилио Сакрая), Эля (Дэвид Али Рашид) және Лив (Генриетта Конфуриус)  континенттің болашағы үшін қызу күреске кіріседі.

"Еуропа тайпалары" сериясы Netflix-те 2021 жыл 19 ақпанда шығады.

Т. Раушанұлы