"Жеткізуші" фильмі жарыққа шығады

YouTube желісіне  "Жеткізуші" (Железная кора / The Courier) фильмінің трейлері шықты. Оқиға Қырғи қабақ соғысы кезінде совет ядролық бағдарламасының сырын билік өкілдеріне ашуға көмектескен британ бизнесмені Гревилл Винн туралы болмақ. Ол үшін бизнесмен совет офицеры Олег Пеньковскиймен бірлесе жұмыс істеген.  

Бас кейіпкерді Бенедикт Камбербэтч сомдайды, сондай-ақ фильмге Рэйчел Броснахэн мен Джесси Бакли есімді атақты актерлер түскен.

Фильм алғаш рет  2020  жылдың қаңтар айында Sundance кинофестивалінде көрсетілді. Сатылымға наурыз айында шығады.