Әділхан Ержановтың жаңа фильмі Каннан шақырту алды

Әділхан Ержановтың жаңа фильмі Каннан шақырту алды

Режисер Әділхан Ержановтың "Журналист" кинофильмі Канн фестиваліне шақырту алды, деп хабарлайды Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының ақпарат-қызметі.

Әділхан Ержанов көрермен қауымға "Риэлтор" фильмі арқылы таныс. Оның "Журналист" деп аталатын жаңа жобасы халықаралық сараптамадан өтіп, 2013 жылы өтетен «Cannes Marché du film Producer's Network» кинофестиваліне шақырту-жүлде алды. Жыл сайын кино саласында маңдайы терлеп жүргендер бас қосатын тағы бір кинофестиваль бар. Ол соңғы рет 2012 жылдың 25 қараша мен 28 қараша күндері арасында Эстонияда өтті. 

Жаңа кинофильмде Әбен Әбуов атты журналистің тарихы баяндалады. Ол Қаратас ауылында "Айбарлы барымташы" деген атпен банда тобын құрады. Оқиға осылайша өрби түседі. 

Канн кинофестивалінен шақырту алған "Журналист" атты жаңа кинофильмді Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының ұсынуымен 2013 жылы тамашалайтын боласыздар.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: baq.kz

А. Әбілхан