Кейінгі аптадағы кино әлемінің 5 басты жаңалығы

Кейінгі аптадағы кино әлемінің 5 басты жаңалығы
Фото: lifehacker.ru

Пандемияда қатты зардап шеккен саланың бірі – кино. Кейінгі уақытта кино әлемі де қайта жандана бастады. Назарыңызға өткен аптадағы киноның басты жаңалықтарын ұсынамыз.

1. Бенедикт Камбербэтч қатысқан "Тұтқын 760" (The Mauritanian) фильмінің трейлері шықты

Интернетте бастапқыда "Мавритания" деп аталған "Тұтқын 760" фильмінің алғашқы трейлері пайда болды. Картина нақты оқиғаларға негізделген, атап айтсақ Мавританиялық Мохамед Слахидің өміріне арқау болған.

2. 2021 жылы барлық Warner Bros.-тың барлық премьерасын онлайн көруге болады

"Дюна" (Dune) фильмінен үзінді / Warner Bros.

Warner Bros. бұдан былай өзінің жаңа блокбастерлерінің премьераларының күндерін ауыстырмай, оларды кинотеатрларда және HBO Max стриминг сервисінде бір уақытта шығару туралы шешім қабылдады. Оларды қосымша ақысыз онлайн көруге болады. Көру үшін тіркелу жеткілікті.

3. "Сабринаның шытырман оқиғалары" (Chilling Adventures of Sabrina) фильмінің соңғы маусымының трейлері жарық көрді

Жас бақсы Сабрина Спеллманның шытырман оқиғалары туралы серия аяқталуға жақын, оның 8 сериясы 31 желтоқсанда Netflix-те жарық көреді.

4. Netflix  "Зевс қаны" (Blood of Zeus) анимациялық сериясының екінші маусымын түсіреді

"Зевс қаны" сериясынан үзінді / Netflix

Бірінші маусым сәтті шыққаннан кейін көп ұзамай Netflix жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын және Powerhouse Animation анимациялық студиясымен ынтымақтастықты растады.

Әзірге ешқандай шарттар мен мәліметтер жоқ.

5. "Викингтер" (Vikings) соңғы маусымының трейлері жарыққа шықты 

"Викингтер" сериясынан үзінді/ History, Amazon Prime

Amazon Prime Video алтыншы маусымның екінші бөлімі, викингтердің соңғы 10 сериясының трейлерін шығарды. Олар басты оқиғаны аяқтайды.

Бірақ дәл "Тақтар ойыны" сияқты бұл сериалда да  спин-оффтар, яғни Netflix бұған дейін 24 сериядан тұратын Викингтердің жалғасын түсіретінін хабарлаған. Бұл жаңа сериядағы оқиғалар "Викингтердегі" оқиғалардан 100 жыл өткен соң басталады.

Т. Раушанұлы