"Жұлдыздар соғысы" фильмінде Дарт Вейдерді ойнаған актер қайтыс болды

"Жұлдыздар соғысы" фильмінде Дарт Вейдерді ойнаған актер қайтыс болды
Фото: syfeed.com

"Жұлдыздар соғысы" трилогиясындағы Дарт Вейдердің ролін ойнаған танымал британиялық актер Дэвид Проуз 85 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

"Біз бен бүкіл әлемдегі миллиондаған жанкүйер үшін өкінішпен, қайғымен Дэвид Проуздың 85 жасында қайтыс болғанын хабарлаймыз", - деді актердің агенті Томас Боуингтон.

Дэвид Проуз жас кезінде бодибилдер және ауыр атлет болған. Физикалық дайындығы мықты актер 1977 жылдан 1983 жылға дейін шыққан классикалық "Жұлдыздар соғысында" зұлымның ролін ойнаған.

Түсірілім кезінде Проуз өз кейіпкерінің диалогтарын айтып шыққан, бірақ кейіннен оның дауысы басқа актердің даусына өзгертілді.

Ұлыбританияда Дэвид Проуз Жасыл Кірес Кодексі адамының суперқаһарманы ролімен де танымал. Проуздың актерлік карьерасы 50 жылға созылды.

Т. Раушанұлы