Жан-Люк Годар жаңа фильм түсірілімін бастамақ

Жан-Люк Годар жаңа фильм түсірілімін бастамақ
Фото: vk.com

Француз жаңа толқынының бастауы, кинематография саласының көзі тірі аңызы, талай талантты кино өнеріне баулыған режиссер Жан-Люк Годар жасы тоқсанға қараған шағында өнерсүйер қауымды жақсы жаңалықпен қуантты.

Нақтырақ айтсақ, мұндай хабарды продюсер Фабрис Араньо (Соңғы бірлескен жұмысы "Бейне мен сөз" 2018 жылы Канн кинофестивалінде арнайы "Пальма бұтағын" алды) жеткізді.

Ол әзірге Жан-Люк Годар қажетті аппаратура іздестіріп жатқанын айтты. Маэстро жұмысын бастау үшін Arriflex 235 камерасына арналған объектив, пленка мен өзге де аксессуарлар керек екен. Әзірге белгілі ақпарат осы ғана. Жуырда картина туралы тың деректер шығады деп сенеміз.

Т. Раушанұлы