Француздар нағыз Парижді танытатын фильмдерді атады

Француздар нағыз Парижді танытатын фильмдерді атады

Биылғы қазан айының басында көрерменге жол тартып, бірден атақты болған "Эмили Парижде" аталатын сериал француздарға ұнай қоймаған сияқты. Онда "әлем астанасы" тым стереотипті көзқарас жетегінде көрсетіліп, жергілікті тұрғындар "жалқау әрі дөрекі" мінезде сипатталған. Осыған байланысты тіл үйретуші Babbel қосымшасы туристердің ең сүйікті қаласы туралы париждіктердің өз пікірін білуді жөн санаған екен. Сауалнамаға қатысқан 38,000 жергілікті тұрғын Париж өмірін боямасыз жеткізетін кинокартинаар тізімін ұсынған. Бір қызығы, жоғарыда аталған Netflix өнімі үшінші сатыға орналасқан.

Ағылшын тілінде түсірілген үздік фильмдер:

"Парижде түн жарымда" (Midnight in Paris), 2011

"Рататуй" (Ratatouille), 2007

"Эмили Парижде" (Emily in Paris), 2020

"Ақсүйек мысықтар" (The Aristocats), 1970

"Джули мен Джулия: бақытты рецепт бойынша дайындаймыз", (Julie & Julia) 2009

Француз тілінде түсірілген үздік фильмдер:

"Париж, мен сені сүйем"  (Paris, je t'aime), 2006

"Амели" (Le Fabuleux destin d'Amélie Poulain), 2001

"Жек көру"  (La haine), 1995

"Менің агентіме қоңырау шалыңыз!"  (Appelez mon agent), 2015

"1+1" (Intouchables), 2011

Париж — әлемдегі ең атақты қала. Десе де, кофе мен круассан оның бар болмысын паш ете алмайды. Оның өмір салтын сезіну үшін Парижде тұрып көру керек деседі.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жүзіктің денсаулыққа пайдасы
Жүзіктің денсаулыққа пайдасы
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
ER-BATYR: Қ.Бейсекеев тұрмыстық зорлық-зомбылық, жеңіл ақша және алдағы жобалары жайлы сөз қозғайды
ER-BATYR: Қ.Бейсекеев тұрмыстық зорлық-зомбылық, жеңіл ақша және алдағы жобалары жайлы сөз қозғайды
Данияр Елеусінов мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті
Данияр Елеусінов мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті
Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды
Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды
Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал
Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал