Фархат Шаріповтың  фильмі Варшава халықаралық кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды

Фархат Шаріповтың фильмі Варшава халықаралық кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды

Фархат Шаріповтың "18 килогерц" фильмі Варшава халықаралық кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды.

Қазақстандық режиссер Фархат Шәріпов түсірген "18 килогерц" атты жаңа көркем фильмнің әлемдік тұсаукесері Орталық және Шығыс Еуропаның ең беделді фестивальдерінің бірі – 36-шы Халықаралық Варшава кинофестивалінің (WFF) негізгі байқауы шеңберінде өтті. 

"Фильм барлық марапаттарға лайық. Бұл өте күшті және нанымды сурет, ал қазылар алқасы 16 фильмнің қайсы үздік болғанына бір сәтке де күмәнданбады. Қазылар алқасының мүшелері әрқайсысы бәріне ұнаған үш фильмнің тізімін жасады, содан кейін тізімдерімізді оқып отырып, біз жүлдені қай фильмге беретініміз туралы таласпайтынымызды түсіндік, өйткені бәрінде бірінші кезекте "18 килогерц" болды, - дейді халықаралық қазылар мүшелері. 

"18 килогерц" – 90-жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірінен сыр шертетін фильм.

 "18 килогерц – ересектер естімейтін дыбыс жиілігі. Фильм жасөспірімдер проблемаларына арналған... Есейе келе жыл сайын жас буынның қиындықтарын түсіну қиындап бара жатыр. Өзіміз де жасөспірім болдық, кей проблемалар шешілмейтіндей болып көрініп еді. Тіпті тығырықтан шығатын жол таба алмай, тұла бойыңды қорқыныш билеген кездер де болды. Біздің фильм сол кездерді еске түсіру үшін арнайы түсірілді", - дейді режиссер Фархат Шаріпов.

Фильмнің түсірілім жұмыстары Алматы қаласында өтті. Басты рөлдерді Мұсахан Жұмахан, Әлібек Әдікен, Камила Фун-Со есімді жас дебютант-актерлер сомдады.

Әлемдегі ең беделді кино байқаулардың бірі – Варшавадағы Халықаралық кинофестивальдің негізі 1985 жылы қаланған болатын. Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығының федерациясы шешімімен 2009 жылы бұл фестивальге "А" санаты берілген болатын.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"