2020 жылы ең көп табысқа кенелген 10 актриса

Forbes басылымы 2020 жылы ең көп табысқа кенелген актрисалардың рейтингін жариялады. Көш басында америкалық (тегі колумбиялық) актриса әрі сәнбике София Вергара тұр.

Софияның жылдық табысы 43 миллион долларды құраған. Оған кинодан бөлек Walmart және Rooms To Go жүйесіндегі жарнама арқылы тапқан қаржысы да қосылған.

Екінші орында – Анджелина Джоли. Оның жылдық табысы 35,5 миллион доллар шамасында болған. Басылым ақпараты бойынша актриса табысының барлығын дерлік киноға түсу арқылы тапқан. Табысының үштен бірін Marvel 2021 жылы шығаратын "Мәңгілік" деп аталатын фильмнен алған.

Үздік үштікті 31,5 миллион доллар табысқа кенелген Галь Гадот түйіндеген. Табысының жартысынан көбін келер жылы шығатын "Қызыл дабыл"фильміне түсіп тапқан.

4-орын – Мелисса Маккарти ($25 млн);

5-орын – Мерил Стрип ($24 млн);

6-орын – Эмили Блант ($22,5 млн);

7-орын – Николь Кидман ($22 млн);

8-орын – Эллен Помпео ($19 млн);

9-орын – Элизабет Мосс ($16 млн);

10-орын – Виола Дэвис ($15,5 млн).