Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады

Голливуд актері Том Круз өзінің кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін 2021 жылы ғарышқа аттанбақ. Бұл туралы Space Shuttle Almanac хабарлады.

Фильм негізінен Халықаралық ғарыш станциясында түсіріледі. Осыған байланысты актердің ұшуы ХҒС-ның рейстер тізіміне енгізілді. Ұшу 2021 жылдың қазан айына жоспарланған.

Актермен бірге кинорежиссер Даг Лейман да ХҒС-ке барады. Олар ғарыш станциясына Snake Mask's Crew Dragon кемесімен жетеді.

Мамыр айында АҚШ кәсіпкері Илон Маск ғарышта әлемдегі алғашқы фильмді түсіретіні белгілі болған еді. Бұл жобаға NASA да қатысады.

Жауынгерлік жанрда түсірілетін туындының әлі ресми атауы жоқ. Оның бюджеті 200 миллион долларға бағаланған.

Айта кетейік, осыған дейін Том Круз "Орындалмас миссия 7" (Mission: Impossible) үшін шыңнан мотоциклмен секірген видеосы әлеуметтік желілерде таралған болатын.