Disney жаңа туындыларын келесі жылға қалдырды

Disney жаңа туындыларын келесі жылға қалдырды
Фото: кино, фильм, туынды, Disney, Marvel

Disney-дің биыл жарыққа шығаратын туындысы көп еді. Коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерді. Бастапқы да фильмдер жыл соңына ығыстырылған еді. Дегенмен, "Мулан", "Айғақ" фильмдері түпнұсқада тарала бастады. Айтарлықтай қаржы жинай алмаған соң, студия барлық фильмнің тұсаукесерін келесі жылға жоспарлап отыр.

Disney фильмдерінің жарық көру 

• "Black Widow" — 7 мамыр 2021 жыл;
• "Eternals — 5 қараша 2021 жыл;
• "Shang-Chi and the Legend of the Ten Rings" — 9 шілде 2021жыл;
• "Death on the Nile" — 17 желтоқсан 2020 жыл;
• "West Side Story" — 10 желтоқсан 2021 жыл;
• "Deep Water" —13 тамыз 2021 жыл.

"Death on the Nile" фильмінен басқа 2020 жылы тағы екі туынды жарық көреді: Pixar ұсынған "Soul" мультфильмі (20 қараша) мен "The Empty Man" триллері (23 қазан).

Marvel киностудиясы да жаңа топтамасын келесі жылдың еншісіне қалдырды: Мамырда ғана жарық көреді. 

Г. Берік