Джеки Чан келер жылы Ресейде фильм түсіретінін жариялады

Джеки Чан келер жылы Ресейде фильм түсіретінін жариялады

Джеки Чан Мәскеуде өзінің жаңа фильмінің тұсаукесеріне қатысты. Оның 2012 жылы өзі бас кейіпкерді сомдаған «12 мүшел» атты фильмі қаңтар айының 31-күнінен бастап кинотеатрларда қойыла бастайды. Джеки Чан бұл фильмнің режиссері, сценарий жазушысы.

Мәскеудегі көрермендер Джеки Чанның аты жазылған бір жұп ойыншық панда сыйлады

Жақында ғана ақпарат құралдары Джеки Чанның кино саласынан кеткендігін жарыса жазған. Бірақ, Мәскеудегі баспасөз мәжілісінде ол кино саласымен әзірше қоштаса қоймайтындығын айтып отыр. Тіпті баспасөз мәжілісінде келер жылы Ресейде фильм жасайтындығын да жариялады. Дегенмен уәде берген болашақ кинодағы басты рөлді өзі сомдамауы да мүмкін.

жақында Шанхайда өткен баспасөз мәжілісінде Гиннес рекордының куәлігін алған сәті

Әлем халықтарының қошеметіне бөленген әйгілі актер жақында ғана, яғни 5 желтоқсанда «12 мүшел» фильмі үшін дүниежүзілік Гиннес рекордтар кітабына енген болатын. 40 жылдық кино саласындағы ғұмыры үшін оған «Әлемдегі кино жасау техникасы ең көп актер» атағы берілді. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек