Шынайы оқиға негізінде түсірілген фильмдер

Шынайы оқиға негізінде түсірілген фильмдер
Фото: kinopoisk.ru

Кейде өміріміз кинодағыдай романтикаға толы, түрлі түсті әрі сәнді болса ғой деп армандаймыз. Бірақ, киноның өзі өмірден алынатынын, кез келген оқиға сіз бен біздің көз алдымызда өтіп жатқан түрлі тағдырлар негізінде құрылғанын естен шығарып аламыз. Бүгін өмірде болған оқиғадан шабыт алған фильмдер топтамасын ұсынамыз.

Көрінбейтін бөлік / Невидимая сторона

Невидимая сторона — Трейлер (русский язык) — КиноПоиск

Майк – өз қатарластарына қарағанда әлдеқайда ірі әрі күшті. Оның барар жері, ішерге асы жоқ. Жалғыз анасы болса есірткіге тәуелді. Бір күні ауқатты отбасы Майкқа үйлерінде бір күн түнеуге рұқсат береді. Сол күннен бастап оның өміріндегі жаңа сәт басталады. Отбасы оны жылы қабылдап, оқуына көмектеседі, америкалық футбол ойыншысы болуына жол ашады. 

Фильм – "Балтимор Рэйвенс" футбол командасының шабуылшысы Майкл Оэрдың өмірі туралы. Сонымен қатар Сандра Буллоктың фильмдегі рөлі (Майклды асырап алған әйел) 2010 жылы оған "Оскар" сыйлады.

"Жыныстар" шайқасы / Битва полов

Битва полов": мировой феминизм против пожилого неудачника — Российская  газета

55-жастағы Бобби – тәжірибелі теннис ойыншысы және әрдайым әйел ер адамды ешқашан басып оза алмайды деген қағидамен өмір сүреді. Ол 29 жастағы теннис ойыншысы әрі феминист Биллимен матч өткізуге шешім қабылдайды. Осылайша ер адамның үстемдігін дәлелдемек ниетте. Бобби түрлі жарнамалық роликтерге түсіп, акциялар өткізіп жүргенде, Билли бар уақытын дайындыққа арнайды.  

Фильмде 1973 жылы Уимблдон чемпионы Бобби Риггс пен теннис ойыншысы Билли Джин Кингтің арасында өткен матч көрсетіледі. Оның үстіне, фильмдегі бас кейіпкерлерді Эмма Стоун мен Стив Карелл сомдайды.

Примадонна

Примадонна (2016) - Florence Foster Jenkins - Флоренс Фостер Дженкинс -  кадры из фильма - европейские фильмы - Кино-Театр.РУ

Флоренс – Нью-Йорктегі ауқатты отбасынан шыққан. Оның бар қызығушылығы – опера. Сүйіктісі Клэр Бейфилдтің арқасында ол Карнеги-холл сахнасында ән салу арманын орындау үшін сабақ алуға шешім қабылдайды. Флоренс тәжірибелі ұстаздарды жалдайды, пианист Косме Макмунмен бірлесе отырып, күнделікті жаттығуға кіріседі.  

"Примадонна" — Флоренс Фостер Дженкинстің өмірін көрсететін биографиялық комедия. Әнші "Даннинг-Крюгер эффектісімен" ауырған, яғни психологиялық тұрғыда өзінің талантты әрі данышпан екеніне кіршіксіз сенген. 

Бэнкс мырзаны құтқару / Спасти мистера Бэнкса

Драма | Спасти мистера Бэнкса | Первый Приднестровский

Жазушы Памела Трэверс бірнеше жылдан кейін ғана Мэри Поппинс туралы шығармаларының экрандалуына келісім берген. Дегенмен Лос-Анджелеске келісімге қол қою үшін ұшып келген Трэверс Уолт Дисней компаниясы ұсынған барлық мүмкіндіктен бас тартады. Ондағы себеп – Уолттың өзі де, оның тобы да шығарманың шынайы мәнін түсінбегені.  

Дисней бар күшімен жазушының талаптарын орындауға тырысып, жасырын мәнді іздеуге көшеді. Түсірілім жұмыстары үшін Дисней студиясы өзінің мұрағатына үңіледі: көптеген сызба жұмыстарын, сценарийлерді, фильм жасаушылар арасындағы жазбалар, Памела Трэверстің сұхбаты мен аудиожазбаларын ақтарады. 

Нәтижесінде "Бэнкс мырзаны құтқару" фильмі жарыққа шығады. 

Жыныс белгілері арқылы / По половому признаку

Рецензии на фильм По половому признаку / On the Basis of Sex (2019), отзывы

Рут өзінің жары Мартинмен бірге заң факультетінде білім алады. Оқуын аяқтағаннан кейін Мартин өзінің қорғаушы ретінде тәжірибесін бастаса, Рутты "әйел" болғаны үшін жұмысқа алмайды. Бар талпынысы нәтижесіз аяқталған ол университетке профессор болып орналасады. Бір күні Мартинге "жыныс белгілері арқылы бөліп-жару" ісін қозғауға тура келеді. Ол тең құқылы қоғам үшін күресіп жүрген әйелі Рутқа бұл істі сеніп тапсырады. 

Фильм АҚШ Жоғары сотының судьясы болған Рут Бейдер Гинзбургтің мансап жолындағы алғашқы қадамын баяндайды. Фелисити Джонс және Арми Хаммер Американың құқық тарихын өзгерткен адамдарды сомдайды.

Т. Есқали