Венеция кинофестивалінің әділқазы алқасына гейм-дизайнер қосылды

Венеция кинофестивалінің әділқазы алқасына гейм-дизайнер қосылды
Фото: vk.com

Биыл 77-ші рет өткізілетін Венеция кинофестивалінің әділқазылар алқасы таныстырылды. 2-12 қыркүйек аралығына жоспарланған шараның бағалаушы тобын актриса Кейт Бланшетт бастайды.

Кино саласындағы үздіктерді анықтау мәртебесі аустриялық режиссер Вероника Франц, британиялық режиссер Джоанна Хогг, италиялық жазушы Никола Ладжиола, неміс режиссері Кристиан Петцольд, румын режиссері Кристи Пую мен француз актрисасы Людивин Саньеге бұйырған.

Француз режиссер Клер Дени Клаудио Джованнезимен бірге дебюттік фильмдердің "Горизонт" (Orizzonti) конкурстық бағдарламасын бастайды.

VR-фильмдердің үздігін жапониялық гейм-дизайнер Хидео Кодзима (Death Stranding) режиссер Асиф Кападиамен бірге анықтайды. Соңғы шешімді былтыр осы аталым бойынша үздік танылған Селин Трикар айтады.

Т. Раушанұлы