Сюжеті ерекше жаңа 5 мини-сериал

Сюжеті ерекше жаңа 5 мини-сериал
Фото: film.ru / kp.ru / thenoisetier.com/

Қашан аяқталатыны белгісіз карантин кезінде сериалдар мен фильмдер уақыт өткізудің амалына айналды. Біреулер бұрын көрген сериалдарының барлық маусымын қайта қарап шықса, енді бірі классикаға айналған сериалдарға уақытын бөлді. Бұның бәрінен жалыққан кезде жаңа, тың бағыт пен сюжетке ие сериалдар іздеп те кетеміз. Бүгін жақында ғана жарыққа шықса да көрермендер көңілінен шығып үлгерген мини-сериалдар топтамасын ұсынамыз.  

Бөтен / Неортодоксальная 

Netflix сериалы: «Неортодоксальная». Почему вам нужно посмотреть ...

Netflix компаниясы 4 бөлімді сериал неміс-америкалық жазушы Дебора Фельдманның автобиографиясының негізінде түсірілген. Заманауи Бруклин. Дәстүрді берік ұстанатын хасид қоғамдық бірлестінде өмірге келген бойжеткен үйінен қашып кетеді. Өзімен паспорты мен аздаған ақша ғана алады. Он тоғыз жастағы Эсти Берлинге аттанады. Нью-Йоркте оның жанұясы қалады: әжесі, әпкесі, әкесі мен атасы және күйеуі. Барлық оқиға ол үйінен қашқан уақыттан басталады.

Сериалды қарап бастағаннан кейін тоқтату мүмкін емес. Бірнеше бөлімді болса да, фильм сияқты әсер қалдырады. Біріншіден, хасид секілді қоғамның барын білетін, олардың дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігінен хабардар адамдар үшін де сериал жаңалықтарға толы болмақ. Біз фильм арқылы өзге параллельді бақылап отырғандай боламыз. Өзіміздің қиялымыздағы дамыған, озық технологиялы АҚШ-тың ірі қалаларының бірінде ешқашан смартфон қолданбаған, Google мен YouTube туралы хабары жоқ, барлық діни және ұлттық дәстүрлерді қатаң ұстанатын қоғамның барына көз жеткіземіз және бас кейіпкердің не себепті бұндай қадамға барғанын ұғамыз.

Отқа оранғанда / И повсюду тлеют пожары

Сериал И повсюду тлеют пожары 1 сезон 1 серия - Искра смотреть ...

Сәулетті ғимараты мен үздік мектептері арқылы танымыл Шейкер-Хайтс қаласына саяхатшы әрі суретші Миа қызы Перлмен көшіп келеді. Анасы мен қызы бір жерде ұзақ тұрақтануға әдеттенбеген және ережерлер тек санада деген ұстаныммен өмір сүреді. Олардың өмір салты үйін жалға берген Эленадан әлдеқайда өзгеше. Алғашқы сәттен-ақ олардың бірін-бірі ұната қоймағанын аңғаруға болады. Алғашқы бөлім Эленаның үйіндегі өрттен басталады. Бұны кім және не үшін ұйымдастырды? Оның үйде ұйықтап жатқанын біле тұра, өрт қоюға кімнің дәті барды? Бұл сұрақтардың барлығына 8 бөлімде жауап береді. 

Нақтылық / Меломанка 

Сериал «Меломанка», или краткий экскурс в эстетику стиля 90-х

Бас кейіпкер Робин – Нью-Йорктегі күйтабақ сататын дүкеннің иесі. Оның махаббатта жолы болмай жүр. Әрбір қарым-қатынасы сәтсіз аяқталады. Сондықтан ол өзінің жеке өміріндегі мәселенің туындау себебін түсіну үшін, ең сәтсіз қарым-қатынасының рейтингін жасауға бел буады. 

Бірқалыпты / Нормальные люди

Я помню все твои трещинки: почему сериал «Нормальные люди» по ...

Сериалдың бас кейіпкерелері – бақуатты әрі беделді әулеттен шыққан Марианна мен мектептегі танымал спортшы жігіт Коннелл. Олардың әлеуметтік жағдайы екі түрлі. Соған қарамастан оларға ортақ нәрселер көп. Олардың арасында достықпен қатар бір-біріне ықпал ете алатын үлкен сезім пайда болады. Бұл жолғы алғашқы махаббат хикаясы біз кинодан көріп үйренген оқиғаларға қарағанда әлдеқайда шынайы. 

Джейкобты қорғап жүріп / Защищая Джейкоба

Рецензия на сериал «Защищая Джейкоба» — детектив Apple TV+ о ...

Apple TV+ жобасының соңғы бөлімі жақында ғана жарыққа шықты. Бас кейіпкер – аймақтық прокурордың көмекшісі Энди Барбер. Бақытты отағасы, білікті маман өзінің ұлы Джейкобтың сыныптасының өліміне кінәлілерді іздестіру үстінде. Тергеу барысында детективтер Эндидің баласынан күдіктеніп, істі өзгеге тапсырады. Джейкобты қамауға алып, оны соттамақ. Енді Эндидің бар мақсаты – ұлына тағылған жалған айыпты жоққа шығару.  

Т. Есқали