Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Томирис" фильмі әлемді бағындырып жатыр

"Томирис" фильмі әлемді бағындырып жатыр

"Томирис" тарихи драмасы дүниежүзі көрермендерінің жүрегін жаулауда. Ақан Сатаевтың ұлы дала ханшайымы туралы кинотуындысының халықаралық құқықтық дистрибьюторы Arclight Films компаниясы Каннда өткен Marché Du Film кинонарығында жасалған келісім шарттар туралы ақпарат берді.

Келісімдердің нәтижесінде отандық фильмді көрсету құқығын Италия үшін Blue Swan, Франция үшін SND Films, Испаниядан Art Mood, Жапониядан AT Entertainment, Таяу Шығыстан Gulf Film, Оңтүстік Кореядан Challan, ТМД елдері үшін Paradise/MGN, Сингапурдан Shaw, Румынядан Program 4 Media және Түркия үшін Siyah Bayez Movies компаниялары көрсету құқығын сатып алған. Осы айда Arclight компаниясы «Томиристі» АҚШ-та көрсету құқығы Well Go USA компаниясы сатып алғаны туралы хабарлаған болатын.

Еске салсақ, кинотуынды  біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында Sataifilm компаниясының қатысуымен түсірілген.

 
0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Қосылған күні: 27 маусым, 09:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.