Том Круз елді дүрліктіріп жүр...

Том Круз елді дүрліктіріп жүр...

Голливуд жұлдызы Том Круз Лондон тұрғындары мен қонақтарын қорқытты. Алғашқыда Трафальгар алаңын басып алған танктар мен бронетехникалар жұрттың назарын аударса, кейінде полковник шенді Том Круз тікұшақпен келіп қонды.

Сөйтсек, Ұлыбриятанияда «Саған ең керегі – өлтіру» («Все, что тебе нужно, – это убивать») деп аталатын фильм түсірілімі қызып жатқан кез екен. Картина желісі таяудағы болашақты баяндайды. Жат ғаламшар адамдарымен соғысты бейнелейтін фильмде Круз Бил Кейдж есімді басты қаһарманның рөлін сомдайды.

Түсірушілер фильмнің кейбір кадрларын ең атақты саналатын Трафальгар алаңында түсіруді ұйғарыпты. Осы себепті ұйымдастырушы топ алаңға келіп тірелетін көшелерді былай қойып, тіпті оған жақындайтын аудандардың барлығын да жауып тастаған.

 

Сол арада журналистер мен кинотанушыларға өз арыздарын жаудырғандар көбейсе, қала әкімшілігі жұртты сабырлы болуға шақырды. Себебі бюджеті қалың фильмдерді түсіру Лондонның абыройын асқақтатады дейді билік өкілдері.

 Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: artpravda.com

А. Құлтай