Кристен Стюарт Диана ханшайымды сомдайды

Атақты Голливуд актрисасы Кристен белгілі чилилік режиссер Пабло Ларраинның "Спенсер" (Spencer) аталатын жаңа картинасының түсіріліміне қатысады. Сценарийін Стивен Найт жазған бұл жаңа туындыда актриса бас кейіпкер Диана ханшайымның рөлін сомдамақ.

Фильмде бүкіл әлем жүрегінен орын алған леди Ди өміріндегі аса ауыр кезең баяндалады. Яғни, Чарльз ханзадамен ажырасқан уақыты. Ақсүйектер отбасының 1990-шы жылғы Рождество алдындағы үш күні сипатталады.

"Әдетте ертегілерде ханзада қарапайым қызға ғашық болып, оны әйелі етеді. Осылайша ол ханшайымға айналып шыға келеді. Бұл, әрине, ғажап. Бірақ, қарапайым қыз ханшайым болудан бас тартап, өз тамырына оралу туралы шешім қабылдаса, міне бұл шынымен таңқаларлық оқиға. Мен леди Дидің шешіміне тәнтімін. Дәл осы сәт жаңа фильмімнің жүрегі болады ", – дейді Ларраин. Түсірілім 2021 жылы басталады.