Гонорары ең аз актер – Эдди Мерфи

Гонорары ең аз актер – Эдди Мерфи

Forbes журналы Голливудтағы кедей, пайдасы аз жұлдыздарды атап өтті. Сөйтіп, гонорары ең аз жұлдызымыз Эдди Мерфи болып шықты.

Күлдіру шебері "Знакомьтесь: Дэйв", "Тысяча слов", "Представь себе" фильмдері арқылы фильм түсірушілеріне 2,3 АҚШ доллары көлемінде «табыс» әкеліп, оған кеткен шығынды ақтай алмапты. Бір қызығы, былтыр бұл актер ең жоғары бағаланған жұлдыз еді.

«Очень опасная штучка» фильмін түсірген продюсер 40 миллион доллар ақша жұмсап, 37 миллион доллар «пайда» әкелген. Киноның бас кейіпкері Кэтрин Хейгл Forbes тізімінде екінші орын алып отыр.

Риз Уизерспун түскен «Как знать...» фильмі 49 миллион доллар жинаған. Ал картина бюджеті 120 миллион доллар. Біздіңше, екінші қатарға табан тіреуі керек актер қандай да бір сиқырмен үштікті толықтырып тұр.

Бестікті «таласа-тармаса» иеленген жұлдыздар Сандра Баллок пен Джек Блэк.

Ал былтырғы пайдасыз жұлдыз атанған Дрю Бэрримор ақшаны қалай табудың әдісін білген секілді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: peoples.ru

А. Құлтай