Әдебиет бойынша Пулитцер премиясын алған алғаш әйел жазушы романы экранизацияланады

Осыған дейін "Мария-Антуанетта" және "Элиталық қоғам" аталатын картиналары арқылы танылған талантты режиссер, 6 мәрте "Оскар" иеленген Фрэнсис Копполаның қызы, Николас Кейдждің немере қарындасы София Коппола бірінші рет сериал түсіруге кіріспек.

Таңдау әдебиет саласы бойынша Пулитцер премиясын алған алғаш әйел жазушы Эдит Уортонның "Ел салты" атты романына түсті. Бірақ, автор премияны "Пәктік дәуірі" шығармасы үшін алған.

Сериал Нью-Йорктің элиталық қоғамының мүшесі болуға талпынып бағатын төменгі тап өкілі Ундина Спрагг өмірінен сыр шертеді. Копполаның жұмысын Apple TV+ стримингтік платформасынан көре аласыздар. Бірақ премьера уақыты әлі бекітілмеген.