Биыл Канн кинофестивалі өтпейтін болды

Биыл Канн кинофестивалі өтпейтін болды
Фото: korrespondent.net

Әлемдегі ең беделді кинофестивальдердің бірі – Канн кинофестивалі биыл коронавирустың кесірінен өтпейтін болды.

Бұл туралы Variety басылымы фестивальдің ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Жоспар бойынша, фестиваль 12-23 мамырда өтуі керек еді. Індетке байланысты оны маусымның аяғына дейін кейінге шегеру туралы шешім қабылданды және бұл әлі түпкілікті шешім емес дейді ұйымдастырушылар. Францияда коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай ең кемі 10 шілдеге дейін ұзартылды, сондықтан күзде фестивальді өткізу қиынға соғуы мүмкін. Ұйымдастырушылар фестивальді онлайн өткізгісі келмеген.

Фестивальге таңдалған фильмдер басқа кинобайқауларда, соның ішінде Венеция кинофестивалінде көрсетілетіні хабарланған. Бұл фильмдердің тізімі маусымның басында жарияланады.

1946 жылдан бері өткізіліп келе жатқан фестиваль бұған дейін 1948 және 1950 жылдары қаражаттың жетіспеуіне байланысты және 1968 жылы Францияны жаппай жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты тоқтатылған.

Variety хабарлауынша, Венеция кинофестивалінің өтуі де әлі белгісіз. Нақты шешім мамыр айының соңында шығады.

Т. Раушанұлы