Танымал режиссер Гаспар Ноэ карантинде көруге арналған фильмдер ұсынды

Танымал режиссер Гаспар Ноэ карантинде көруге арналған фильмдер ұсынды
Фото: vk.com

Өзі аргентиналық болса да, француз режиссері ретінде атағы шыққан Гаспар Ноэ карантин кезінде өзі көріп жатқан фильмдер туралы айтты.

Dazed  басылымына берген сұхбатында ол оқшауланы кезінде уақытын қалай өткізетінімен бөлісті: "Күніне үш ұлы кинофильм көремін, кітап оқимын, тамақ ішемін, қаңырап қалған көшелерде қыдырып, армандаймын". Карантинді кезінде өз дәрежесінде бағаланбаған туындыларды зерделеуге жұмсап жатқанын да тілге тиек етті. Ноэнің пікірінше, үздік фильм – бейне мен дыбыстың бұрынсоңды болмаған үйлесімі.

Гаспардың ең сүйікті таспасы – маэстро Стэнли Кубриктің "2001: Ғарыштық одиссея" аталатын шығармасы.

Режиссер ұсынған өзге үш фильм мынадай:

"Көлеңкелер: Түнгі галлюцинация" (1923)
Режиссер Артур Робисон

"Нараям туралы аңыз" (1958)
Режиссер Кейсуке Киношита

"Жіптер" (1984)
Режиссер Мик Джексон

А. Оралқызы