Уитни Хьюстон туралы байопик түсіріледі

Голливуд атақты әнші  Уитни Хьюстон туралы  биографиялық фильм түсіретінін хабарлады. Фильм сценарийімен Энтони Маккартен жұмыс жасайды. Оның есімі байопиктермен тығыз байланысты, мысалы атышулы "Богемалық рапсодия" мен Стивен Хокинг туралы картинаның сюжетін осы Энтони Маккартен жазған.

Уитни Хьюстон туралы картинаға өнер адамының атақты әнінің атауы қойылған. Бірақ соңғы нұсқасы «I Wanna Dance With Somebody» деп қалдырыла ма, жоқ па әзірге белгісіз. Режиссердің де кім болары әлі анықталмады, инсайдерлер Стелла Мегимен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтады. Уитни рөлін сомдағысы келетіндер арасында да «соғыс» басталғанға ұқсайды, себебі картина «Оскарды» көздейтіні анық.

Естеріңізге сала кетейік, Уитни Хьюстон 2012 жылы өмірден өтті.