Карантинде көп ізделген анимелер

Карантинде көп ізделген анимелер
Фото: google.kz

Әлем мүлгіген тыныштықта жатыр. Адамдар – үйлерінде. Көп уақыты кітап оқып, фильм көруге кетіп жатқаны өтірік емес. "Қандай фильм ұсынасың?" деп сұрамаған туысыңыз не досыңыз аз емес шығар. Сіздердің сұраныстарыңызға лайықтап, Massaget.kz сайтында жарияланған топтамалардың басын біріктіріп назарларыңызға ұсынғанбыз. Бұл шығарылымды аниме жанрына арнаймыз.

Оскар жүлдесіне таласқан фильмдер таңдаулы деп аталады. Былтырғы «Үздік анимациялық фильм» номинациясына үміткер болған 25 туындының 8-і аниме болғанын білесіз бе? Сол тізімдегі анимелерді трейлерімен қоса мына сілтемеге өтіп көре аласыздар.

Жапон анимациялық студиялары үшін аниме жасау ең маңызды үрдістердің бірі. Әлем Миядзакиді таниды. Одан бөлек, толықметражды анимелері арқылы әлем халқыны мойындатқан қаншама режиссерлер бар. Егер олардың жұмысымен танысқыңыз келсе, төменгі тізімге назар аударыңыз.

Жапонияда жарық көрген барлық анименің арасында атақ-даңққа ие болмаса да, халықтың сұранысына ие болып, ерекше есте қалғандары бар. «Гибли» студиясының әсерлі анимелерін шолып шығыңыз.

Қандай өнер туындысы болмасын, автордың айтары болады. Бірі соны еш қиындықсыз жеткізсе, енді бірінің ойын ұғу мүмкін емес. Аниме де өнер туындысына жатады. Оның өзіне тән жанры, стилі мен оқиғасы бар. Аниме  – ақпарат жеткізудің тағы бір тәсілі. Сізді қалың ойдың астында еріксіз қалдыратын анимелер тобын ұсынамыз. 

Қазір сериал мен фильмдерге ұйқысыз түндерді арнауға әбден болады. Бүгін Жапония десе еске бірден түсетін, анимациялық фильмдер — анимелердің топтамасын ұсынамыз. Бұл жолы, комедия не қаһармандар жайында емес, көзге жас ұялатып, еріксіз мұңаюға мәжбүрлейтін анимелерді мында топтастырдық.

"Покемон.Пикачу детектив" – белгілі аниме-сериалдың голливудтық кино нұсқасы үлкен экранға шығып, өз көрермендерін жинаған болатын. Қалай ойлайсыз, болашақта басқа қандай жапон анимациясының фильм нұсқасын экраннан көруіміз мүмкін?! Ал біздің Томиристің тізімі – мынадай.

Егер жиі ұсынатын Хаяо Миядзаки, Синкай Макотоның анимелерін көруден шаршап, жаңа сюжет, жаңа кейіпкер іздесеңіз, сіз дөп түстіңіз. Назарларыңызға фэнтези жанрындағы ең танымал анимелердің топтамасын ұсынамыз.

Одан бөлек, "Бірге аударайық!" бөлімінен кей анимелердің аудармасын көре аласыздар. Мәселен, "Елес ерткен", "Секундына 5 сантиметр".

Г. Берік