Топ-5: Отбасылық комедиялар

Отбасылық фильм таңдау қиындау, себебі ол балаларға да, ересектерге де қызық болуы керек. Оның қызық болғанымен қатар пайдалы түрткісі де болғаны жөн. Кино іздеуге уақыт кетірмес үшін соңғы жылдардың ең үздік отбасылық комедияларын ұсынамыз.

Паддингтонның басынан кешкендері 2
(Приключения Паддингтона 2)

Күлкілі қонжық лондонның қарбалас өмірі мен жаңа британ отбасына жақсы сіңіп кетті, бірақ ол өзінің аю туыстары жайлы да ұмытқан жоқ. Мысалы, жақында оның Люси тәтесінің туған күні. Кейіпкер оған керемет сыйлық таңдап қояды. Бірақ Паддингтон ол сыйлықты алуға ақша жинағанша оны біреу ұрлап кетеді. Қонжық ұрлықшыны ұстаймын деп өзі күдікшіге айналады. Күлкілі қонжықтың басынан кешкендері барлық отбасы мүшелеріне қызық болады.

Қонжық Паддингтон туралы қызықты фактілер

Кристофер Робин
(
Christopher Robin)

Бұл фильм көпшілікке балалық кезден таныс Винни Пух және оның достары жайлы оқиғаға басқа қырдан қарауға мүмкіндік береді. Кристофер Робин есейді. Пухты ешқашан ұмытпаймын деген уәдесіне қарамастан ол өзінің Лондондағы ересектік өміріне толықтай кіріп кетті. Енді оның жұмысы мен отбасысы бар. Бірақ ол жұмысқа беріліп, отбасысына уақыт бөле алмай жүр. Біркүні оған сиқырлы қонжық келіп, жолдасына өмірде шынымен маңызды нәрсені еске түсіруге тырысады.

Ит өмірі
(
Собачья жизнь)

Режиссер Лассе Халльстремнің бұл фильміндегі басты рөлдерді адамдар емес, олардың сенімді серіктері иттер ойнайды. Бұл лентада алғаш рет күшік болып 50–жылдары дүниеге келіп, содан бері өмірдің мәнін адамнан іздей бастаған ит туралы көрсетіледі. Иттің жаны көп рет басқа денелерде қайта туылады. Ол кезде оның тұқымы мен түсі өзгеріп кетуі мүмкін, бірақ бір нәрсе өзгеріссіз қалады: өз иесіне шынайы махаббатын сыйлау.

Пит және оның айдаһары
(Пит и его Дракон)

Кейде ну ормандар көптеген құпияларды сақтайды. Бұл фильмнің кейіпкерлері сондай құпиялардың біріне тап болады. Біркүні ағаш кесушілер ну орманнан Пит есімді баланы тауып алады. Оның ата-анасы автомобиль апатынан қайтыс болған, ол содан бері орманда өмір сүрген. Пит өзін тауып алған отбасыға орманда жалғыз болмағанын айтады.

Қоян Питер
(Кролик Питер)

Ұшқалақ қоян Питердің фермер Макгрегорлар отбасысына қарсы тұруы қанында бар. Питердің әкесі осы қырқыстан қайтыс болған. Ендігі Питердің міндеті – Макгрегор отбасысын жеңу. Кәрі Макгрегор қайтыс болған кезде Питер жеңіс оның жағыда деп ойлай бастайды, бірақ фермаға Макгрегордың туысқаны Томас келеді.