"Паразиттердің" америкалық нұсқасына Тильда Суинтон түседі

"Паразиттердің" америкалық нұсқасына Тильда Суинтон түседі
Фото: vk.com

Биылғы "Оскарда" бірден 4 аталым бойынша жеңімпаз атанып айды аспанға шығарған оңтүстіккореялық Пон Чжун Хоның "Паразиттері" экранға қайта шығады. HBO арнасы режиссерге телеадаптация жасауды ұсынған.

Паразиттер отбасындағы әйел рөлін харизмалы актриса Тильда Суинтон ойнаса, HBO ұсынысы бойынша ер адам рөлі Марк Руффалоға бұйыруы әбден мүмкін. Адаптациялық сюжетті Пон Чжун Хо режиссер Адам Маккеймен бірлесе отырып жазады.

Бұл мини-сериал 5-6 эпизодтан тұрады. Теле нұсқа түпнұсқаның көшірмесі бола ма, әлде жалғасы бола ма, бұл әзірге белгісіз. Бір қызығы, "Паразиттерді" мини-сериалға айналдыру құқығына Netflix стримингтік платформасы да таласқан екен.

А. Оралқызы