Оскар – 2020: "Паразиттер" туралы қызықты деректер

Оскар – 2020: "Паразиттер" туралы қызықты деректер
Фото: vk.com

Күні кеше Лос-Анджелес қаласында "Оскар" марапатын табыстау рәсімі өтті. Нәтижесі кім-кімді де таңғалдырмай қоймады. Шарада кәріс режиссері Пон Чжун Хо түсірген "Паразиттер" фильмі бірден 4 аталым бойынша үздік шығып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Бүгін аталған картина туралы қызықты деректер топтамасын ұсынып отырмыз.

  Ки-джон (Пак Со-дам) ағасына Ёнсе университетінің дипломын қолдан жасап береді. Бұл Оңтүстік Кореядағы аса беделді 3 университеттің бірі. Режиссер Пон Джун-хо осы оқу орнын бітірген.

  Фильмнің Оңтүстік Кореядағы премьерасына дейін 192 ел оны көрсету құқығын сатып алып үлгерген.

  Актриса Чан Хе-джин аталған фильмдегі рөлі үшін 15 кг салмақ қосқан.

  Режиссер Пон Джун-хо бас кейіпкерлердің бірін сомдайтын Чхве У-щиктің сәл арықтауын сұраған. Ол  Ки-удың жас әрі әлсіз екенін көрсетудің амалы еді.

  Чхве У-щик пен Пак Со-дам өз рөлдерін жоғары деңгейде атқарып шығуы үшін олар түсірілім кезінде де, одан тыс уақытта да Сон Кан-хоны "әке" деп атаған. Алайда кәріс мәдениетінде бұл ақылға қонымсыз дүние екен.

  Басылымдарға берген сұқбаттардың бірінде режиссер осы туындысын түсіру туралы шешімге Ким Ги-ённың "Үй қызметшісі" (1960) картинасын көргеннен кейін келгенін айтады.

  Канн кинофестиваліндегі премьерасында көрермен оған 15 минут үздіксіз қол соққан.

  Канн кинофестивалінің негізгі аталымы бойынша жеңген алғашқы оңтүстіккореялық фильм. Бұл кәріс киносының 100 жылдығымен тұспа-тұс келді.

  2019 АҚШ-та ең көп касса жинаған шетелдік фильм болды.

  "Алтын глобус" марапатына ұсынылып, оны  "Шетел тіліндегі үздік фильм" аталымы бойынша ұтқан алғашқы оңтүстіккореялық фильм; АҚШ актерлер гильдиясының марапатын "Үздік актерлік құрам" аталымы бойынша жеңген алғашқы шетелдік картина; "Оскар" марапатына "Үздік фильм" категориясы бойынша ұсынылған және ұтқан алғашқы оңтүстіккореялық фильм; Осы аталым бойынша үздік шыққан алғашқы шетел тіліндегі картина, "Үздік фильм" мен "Үздік халықаралық фильм" аталымдарын қатар ұтқан алғашқы шетелдік картина.

  Канн мен "Оскарды" қатар алған екінші фильм. Біріншісі — Делберт Манның "Мартиі".

  Сценарий жазу барысында Пон Джун-хо  репетиторлықты негізге алған. Оның ойынша, бұл – қазіргі таңда Оңтүстік Кореяда аса бай және тым кедей әлеуметтік топты тоғыстыруы мүмкін жалғыз кәсіп.

  Картинаның ресми ақ-қара нұсқасы бар.

  Әкесі мен ұлы спорт залда сөйлесетін сценада Ки-удың (Чхве У-щик) көзіне жас келеді, бірақ бұл сценарийде жазылмаған.

  Тасқын болған кезде суға қоңырқай түс беру үшін косметикалық маска жасайтын саз пайдаланылған. 

А. Оралқызы