Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай деректі фильм эфирге шығады

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай деректі фильм эфирге шығады

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай деректі фильм эфирге шығады

"Qazaqstan" Ұлттық телеарнасы күллі түркі дүниесінің ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай деректі фильм түсірді.

Көрерменге "Өркениет шырақшысы" атауымен ұсынылғалы отырған екі бөлімді тарихи-зерттеу туындысы 18, 25 қаңтар күндері, сағат 20:35-те эфирге шығады.

Деректі фильмнің түсірілім жұмыстары бес ай көлемінде ғұлама ғалым дүниеге келген, тарихта "Зернук", "Весидж" деген атпен белгілі Оқсыз жерінен басталып, ежелгі Отырар, Каир шаһарларында жалғасты. Сонымен қатар, түсірілім тобы ғұлама өмірден өткен Дамаск қаласында болып қайтты.

Кемеліне жеткен шағында Әбу Насыр елін тастап, Бағдадқа неге аттанды? Ұлы ойшылға қатысты "Отырар кітапханасының негізін қалаған" деген аңыз шындыққа қаншалықты жанасады? Неліктен барша өркениетті әлем оған "екінші ұстаз" деп тағзым етеді? Деректі туындыда осы сауалдарға жауап беріліп, әл-Фараби адамзаттың асыл қазынасы – ғылым жетістіктері мен азат ойдың құтқарушысы ретінде сипатталады. "Екінші ұстаздың" араб елдерінде жарық көрген еңбектерінің басым көпшілігі сақталғанын, ал туған еліндегілері Түркістан өркениетімен бірге жоғалғаны айтылады.

"Әл-Фараби бүгінгі қазақ даласынан шығып, бүкіл араб фәлсафасының негізін қалады. Өз заманындағы барлық ғылым мен ілім түрлерін жүйеге келтірді. Оның өмірі туралы дерек аз, алайда рухани мұрасы ұшан-теңіз. Біз оның суретін алғашқы ұлттық теңгемізге салдық, есімін басты университетімізге бердік. Алайда, еңбектерін өз тілімізге әлі толық аудара алмай отырмыз. Оның ұлттық аямызға қайтып оралуы дәл осы міндетпен өлшенеді. Себебі, ол еліне оралуды өмір бақи аңсап өтті.

Біздің парызымыз – "Парасат падишасы" атанған ұлы ғалымның атағын ғана емес, рухани мұрасын, арман-мұратын, ізгілік ұстанымдарын туған еліне қайтарып, ұлттық руханиятымыздың ажырамас бөлшегіне айналдыру", - дейді фильм авторы, журналист Дархан Әбдік.

Туындыда ғалымның зерттеу еңбектеріне қатысты отырартанушы Бекжан Бейсенбай, ғалым, өнертану профессоры Тынысбек Қоңыратбай, "Әл-Фараби" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Жақыпбек Алтаев пікір білдірген.

0
Рейтинг: +0

Фото: aikyn.kz
Қосылған күні: 14 қаңтар, 10:56

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.