Рейтингі жоғары жаңа 5 дорама

Рейтингі жоғары жаңа 5 дорама
Фото: koreandrama.org/ justwatch.com/ hancinema.net/ tancap88.me/yesasia.ru/

Дорама – Шығыс Азия мемлекеттері жарыққа шығаратын телехикаялардың жиынтық атауы. Бүгінде дорамаларға деген сұраныс жоғары. Әлеуметтік желіде бірнеше мың жазылушысы бар аударма жасайтын топтар мен арнайы сайттар да жұмыс істейді. Бір дорама кем дегенде екі айға созылады. Телехикаялардың басым бөлігі 16 не 24 бөліммен шектеледі. Көрермендер оқиғаның жылдам өрбуі мен актерлердің шеберлігін дораманың басты артықшылығы санайды. Бүгін назарларыңызға көрермендер арасында рейтингі жоғары ТОП-5 жаңа дораманы ұсынамыз.

Махаббаттың қауіпті аймағы / 사랑의 불시착 / Аварийная посадка любви
Арна: tvN
Жанр: романтика, драма,комедия
Басты рөлдерде: Хен Бин, Сон Е Джин, Со Джи Хе, Ким Джон Хен

Похожее изображение

Юн Се Ри (Сон Е Джин)  Оңтүстік Кореядағы ең бай адамның қызы.  Бір күні параплан арқылы биікке көтеріліп, көңіл көтеруді ойға алған бойжеткен апатқа ұшырайды. Дауыл оны ұшырып, Солтүстік Кореяның шекарасына әкеледі. Есін жиған Се Ри солтүстік кореялық әскер офицері Ли Чон Хекті (Хен Бин) кездестіреді. Ұсталған жағдайда басына қауіп төнетінін білсе де, ол Се Риді құтқарудың жолын қарастырады. 

Жалынды лига /  스토브리그 / Лига печи 
Арна: SBS
Жанр: драма, спорт
Басты рөлдерде: Нам Гун Мин, Пак Ын Бин, Чо Пен Гю

Картинки по запросу 스토브리그

"Dreams" кәсіби бейсболшылар командасы бірнеше жылдан бері турнир кестесінде соңғы орындарда жүреді. Компания жоғары лиганың жаңа маусымына дайындық бастамас бұрын жаңа менеджерді жұмысқа алады. Пэк Сын Су (Нам Гун Мин) – өз ісінің білікті маманы. Ол мақсатына жету үшін ешнәрседен тайынбайды.

Есалаңның күнделігі  / 싸이코패스 다이어리 / Дневник психопата
Арна: tvN
Жанр: детектив, криминал, триллер
Басты рөлдерде: Юн Ши Юн, Чон Ин Сон, Пак Сон Хун

Похожее изображение

Юк Дон Шик (Юн Ши Юн) акционердік компанияда жұмыс істейді әрі оны әріптестері әлемдегі ең бейбақ адамдардың қатарына жатқызады. Бірде ол апаттан кейін есін жоғалтып алады. Оған оның кім екенін еске түсіруіне күнделігі ғана көмектеседі. Бірақ бұл күнделікте оның қаныпезер кісі өлтіруші екені жазылған. 

99 миллиардтық әйел / 99억의 여자 / Женщина на 99 миллиарда
Арна: KBS2
Жанр: детектив, криминал, триллер
Басты рөлдерде: Ли Джи Хун, Хён У, Чо Ё Чжон, Юн А Чжон, Ю Ён Джэ, Ян Хён Мин

Дорама кездейсоқ 99 миллиард вон тауып алған Чон Сон Ён (Чо Ё Чжон) есімді бойжеткеннің басынан кешкенін баяндайды. Сонымен қатар, бас кейіпкердің бірі Кан Тэ У (Ким Кан У) туған бауырының өліміне кінәлілерді таппақ. Әртүрлі мақсат екі адамды бір бағытта жолықтырады.

Камелия гүл жарғанда /  동백꽃 필 무렵 / When the Camellia Blooms
Арна: KBS2
Жанр: комедия, криминал, триллер, отбасылық
Басты рөлдерде: Гон Хё Чжин, Ким Чжи Сок, Кан Ха Ныль

Картинки по запросу When the Camellia Blooms

Романтикалық комедия Дон Бэк ( Гон Хё Чжин) есімді жалғызбасты ананың өмірін сипаттайды. Оның "Камелия" деп аталатын  шағын мейрамханасы бар. Кейін ол Хван Ён Шик (Кан Ха Ныль) есімді жас полицей қызметкерімен танысады. Дорама ана мен бала махаббаты, түсінбестік, көрші қарым-қатынасы сияқты тақырыптарды көтереді.

Т. Есқали