2020 жылы жарыққа шығатын фантастикалық фильмдер

2020 жылы жарыққа шығатын фантастикалық фильмдер
Фото: kino-teatr.ru

2020 жылы кино әлемі бізді жақсы жаңалықтарымен қуантпақ. Өйткені фантастикалық фильмдер қоржыны жаңа  туындыларға толады. 

1. Қиял аралы / Остров фантазий /Fantasy Island
АҚШ, 2020
Фантастика, хоррор.
Тұсаукесері: 6 ақпан

Картинки по запросу остров фантазий 2020

Осы атаумен белгілі сериал негізінде түсірілген фильм тропиктік аралдағы белгілі курорт туралы. Оның жұмбақ басшысы аралға келіп кететін өз қонақтарының кез келген тілегін шындыққа айналдырады. Бірақ, бәрінің сұрауы бар. Бұл сиқыр да тегін емес.
Фильмді Blumhouse Productions компаниясы түсірген. Компания  "Сплит", "Әрі кет"(Прочь) секілді хоррор жанрындағы хит фильмдерімен танымал. 

2. Кинодағы Соник / Соник в кино/ Sonic the Hedgehog
Канада, Жапония, АҚШ, 2020
Фантастика, шытырман, комедия.
Тұсаукесері: 20 ақпан

Картинки по запросу Соник в кино

Желаяқ кірпі Соник қарсыласынан қашып жүріп, біздің әлемге тап болады. Ол абайсызда әлемдегі барлық электр жарығын өшіріп алады. Кейін үкімет оны ұстауға бұйрық береді.

Фильм түсірілімі кезінде авторлар бірнеше мәселеге тап болған еді. Алғаш трейлер шыққаннан кейін, бас кейіпкердің дизайны көрерменге ұнамай, сынға алды. Кейін оны қайта жасап шықты. Сондықтан, фильм тұсаукесері 2019 жылдың күзінен 2020‑жылдың басына ауыстырылды.

3.Бладшот/ Бладшот /Bloodshot
АҚШ, 2020
Әскери, фантастика
Тұсаукесері: 20 ақпан

Похожее изображение

Әскери қызметкер Анджело Морталли жұмыс барысында қаза табады. Бірақ, оны заманауи техника көмегімен қайта тірілтеді. Енді ол басқа адамдардан әлдеқайда күштірек әрі жылдам.

Фильм сюжеті Valiant компаниясының комикстері негізінде түсірілген. Бладшот фильмі сәтті шықса, жаңа кино кеңістігінің бастауына себеп болуы мүмкін. 

4. Артемис Фаул / Артемис Фаул / Artemis Fowl
АҚШ, 2020
Фантастика, шытырман
Тұсаукесері: 28 мамыр

Картинки по запросу Артемис Фаул\" data-mce-src=

Фильм сюжеті қылмыскерлер ауданында туған жас алаяқ Артемис Фаулдың шытырман оқиғаларын баяндайды. Бір күні ол жер астында эльф, ергежейлі мен түрлі қиял-ғажайыпқа толы әлем барын біледі.  Артемис мұны өзінің арам ойларын іске асыру үшін пайдалануды көздейді. Картина Оуэн Колфердің кітабы бойынша түсіріген. 

5. Ғажайып әйел:1984 / Чудо‑женщина: 1984/ Wonder Woman 1984
АҚШ, 2020
Әскери, фантастика
Тұсаукесері: 4 маусым

Картинки по запросу Чудо‑женщина
Ешқашан қартаймайтын Диана Принс 80‑жылдары әділеттілік үшін шайқасады. Бас кейіпкерге көмек сұрап бизнесмен Максвелл Лорд келеді. Өйткені оның ізіне бұрынғы көмекшісі түскен болатын. Лорд көмегінің ақысы ретінде Екінші Дүниежүзілік соғыста қаза тапқан ғажайып әйелдің сүйіктісін тірілтуді ұсынады.

6. Азат жігіт/ Главный герой / Free Guy
АҚШ, 2020 
Фантастика, комедия, шытырмен
Тұсаукесері: 2 шілде

Картинки по запросу Главный герой 2020

Компьютер ойынында NPC өмір сүріп жатады. Ол банкте жұмыс істейді. Күнделікті бір өмір. Бір күні ол барлық жағдайды өз қолына алып, ойынның бас кейіпкері болуға бел буады. 

7. Елес аңдығандар: мұрагерлер / Охотники за привидениями: Наследник/ Ghostbusters: Afterlife
АҚШ, 2020
Фантастика, хоррор, комедия
Тұсаукесері: 9 шілде

Картинки по запросу Охотники за привидениями: Наследник
Жалғызбасты ана мен оның екі баласына Оклахомадағы шарушалықты мұраға алады. Бас кейіпкер атаныа тиесілі ескі автокөлік тауып алады. Бұл – елес аулаушылар мінген атақты Ecto‑1 көлігі. Әрине, уақыт ұзамай бас кейіпкерлер тылсым күшке ие елестермен жолығады.

8. Морбиус /Морбиус, живой вампир/ Morbius
АҚШ, 2020
Шытырман, хоррор, фантастика
Тұсаукесері: 30 шілде

Картинки по запросу morbius 2020
Доктор Майкл Морбиус қанның өте сирек кездесетін дертіне шалдыққан. Оның жалғыз үміті қауіпті емделу тәсілінде ғана. Бірақ, нәтижесінде ол қансорғышқа айналып кетеді.
Фильм – Том Харди басты рөлді сомдайтын "Веном" кино кеңістігінің жалғасы. Бас кейіпкерді атақты актер және  музыкант Джаред Лето ойнайды.

9. Веном‑2 / Веном‑2 / Venom 2
АҚШ, 2020
Фантастика, әскери
Тұсаукесері: 1 қазан

Картинки по запросу веном
Журналист Эдди Броктің денесінде өмір сүріп жатқан бөгде ғаламшарлық Веном Жер ғаламшарындағы өзге қауіпті жаратылыстармен күресін жалғастырады. Том Харди өзінің образымен қайта оралады. Marvel мен Sony компанияларының арасындағы келісімшарттан кейін кино көрермендері Өрмекші адам мен Веномның біріккен сахналарын күтуде. 


10. Годзилла мен Конг жекпе жегі / Годзилла против Конга /Godzilla vs. Kong
АҚШ, 2020
Фантастика, шайқас, хоррор 
Тұсаукесері:  20 қараша

Картинки по запросу godzilla vs. Kong

Алып құбыжық Годзилла мен Конг көптеген жыл бойына қауіпті жаратылыстармен күресіп, теңесе өмір сүреді. БІрақ, енді олар өзара жекпе жекке шығуға мәжбүр. 


Т. Есқали