Бір ғана үздік туындысы бар режиссерлер

Бір ғана үздік туындысы бар режиссерлер
Фото: theverge.com/ fishki.net/ kinopoisk.ru/ cinema.vrn.ru/

Кино сыншылары мен көрермендер ықыласына бөленетін фильм түсіру үшін тек режиссер дарынды болып қана қоймай, сәттілілікті жанына серік етуі керек. Бүгінгі топтама кейіпкерлері – мансап жолында бір рет ғана үздік туынды түсірген адамдар. Олар – сыншылардың қара тізіміне ең нашар режиссерлер ретінде енген кино саласының мамандары. 

Уве Болл
Rampage (Ярость)

Картинки по запросу ярость 2009

Халық Уве Боллды "бүгінгінің Эд Вуды" ("кинематография тарихындағы ең нашар режиссер" кіші Эдвард Вудтың атына байланысты) ретінде таниды. Ол өзінің еңбек жолын видео ойындардың экранизациялаудан бастады. Боллдың фильмдерінің нашар болғаны соншалықты, кино сыншылары 2007 жылдан бастап оның фильміне қатысты ешнәрсе айтпайтын болды. Соған қарамастан, 2009 жылы Болл Rampage атты фильмін түсірді. Режиссердің бұл жұмысы оған атақ-данқ алып келмесе де, оның қолынан кино түсіру келетінін дәлелдегендей болды. Кино сыншылар сол күйі фильмге қатысты ашылып ешнәрсе айтпады. Фильм ешнәрсеге қызықпайтын жас жігіттің қару алып, қалада атыс-шабыс ұйымдастыру оқиғасын баяндайды. Болл өзінің әдетіне салып бұл фильмде де зорлық-зомбылық пен қатыгездікті көрсетеді. Бас кейіпкерді сомдайтын Брендан Флетчердің ойыны да жоғары деңгейде болды.

Адам Шенкман
Hairspray (Лак для волос)

Картинки по запросу лак для волос фильм

Адам Шенкман – көрермен көңілінен шықса да, сыншылардың "таяғынан" қашып құтыла алмаған режиссерердің бірі. 2001 жылы ол Дженнифер Лопеспен бірге романтикалық комедия The Wedding Planner (Свадебный переполох) фильмін түсірді. Бірақ, кино мамандары оны 1997 жылы жарыққа шыққан My Best Friend's Wedding (Свадьбы лучшего друга) фильмінің көшірмесі деп сынға алған еді. 

Комедия түсіруге әбден үйренген Шенкманның ең үздік жұмысы деп Hairspray фильмін атауға болады. Бірақ, фильмнің өтімді болуына режиссер емес, актерлердің шебер ойындары әсер еткен секілді. 

Лен Уайзман
Live Free or Die Hard (Крепкий орешек 4.0)

Картинки по запросу Крепкий орешек 4.0

Лен Уайзман кино саласына келместен бұрын, жарнама мен музыкалық бейнбаяндар түсірумен айналысқан. Оның фильм режиссері ретінде алғашқы жұмысы 2003 жылы жарыққа шықты. Бұл фантастикалық фильм Underworld (Другой мир) болатын. Айтыған сындардың бәрі жағымсыз болса да, ол өз жұмысын әрі қарай жалғастыра берді. Араға үш жыл салып сиквел Underworld: Evolution шықты.

Экшн жанры бойынша атақты фильмдердің бірі Live Free or Die Hard оның режиссер ретінде талантты екенін көрсете білді. Фильмнің сюжеті, қойылымы барлығы белгілі бір логикаға сүйене отырып түсірілгені, оқиғаның әсерлі баяндалуы көрермендерді ғана емес, кино сыншыларын таңғалдырды.  

Джеймс Мактиг
V for Vendetta (V — значит вендетта) 

Картинки по запросу v for vendetta

Джеймс Мактиг "Матрица" фильмінің түсіріліміне режиссер көмекшісі ретінде атсалысқан болатын. Мактигтің режиссер ретінде алғашқы жұмысының атағы жер жарды. Ал, кейінгі жұмыстары көрермендерінің үмітін ақтай алмады.

Мактигтің алғашқы жұмысы Алан Мурдың "V for Vendetta" атты туындысына сүйене отырып түсірілген. Фильм-антиутопия актерлік құрамымен, қоғамдағы өзекті мәселені жеткізе әсерлі жеткізе білгендіктен көрермен есінде қалды. 

Ян де Бонт
Speed (Скорость)

Картинки по запросу скорость фильм

Ян де Бонт еңбек жолын оператор ретінде бастаған. Режиссер орындығына 1990 жылдардың ортасында ғана жайғасты. Оның дебеюттік жұмысы – Speed фильмі. Бұл фильм екі номинация бойынша "Оскар" жүлдесіне ие болды. Оны көрермендер мен сыншылар ерекше ықыласпен қабылдаған болатын. Бірақ, Ян де Бонттың бар таланты осы фильммен ғана шектелгендей.

Т. Есқали