Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Джеки Чан кинодан кететіндігін айтты

Джеки Чан кинодан кететіндігін айтты

Джеки Чан кинодан кететіндігін айтты

Мыңдаған адамдардардың сүйікті актері Джеки Чан кинодан кететіндігін мәлімдеді.

Актер өмірінің қалған бөлігін қайырымдылыққа арнауды жоспарлап отыр. "Алдымен Bentley-імді аукционға салып сатамын. Түскен ақшаны мұқтаж адамдарға таратып беремін", - деді Джеки журналистерге берген сұхбатында.

Чан кино әлеміне 12 жасында келді. Содан бері ол жағымсыз рөлдерді сомдап көрмеген. Актердің өзінің айтуынша, бұл оның табиғатына мүлдем жат нәрсе. "Маған қандай ақша ұсынса да, ешқашан жағымсыз кейіпкерді сомдамас едім. Тіпті экранда да қылмыскер болуды қаламаймын", - деді Джеки.

Айта кетелік, 2009 жылы актердің 100-фильмі "Қытай жұлдызнамасы" болатындығы айтылған еді.

Джеки Чан 1954 жылы 7 сәуірде Гонконг қаласында кедей отбасында дүние есігін ашты. Шын аты Конг-Санг Чан. Бұл сөздің мағанысы - "Гонконгтан шыққан". Ата-анасы тақыр кедей болды. Сондықтан ол бала күнінде аштықты талай бастан кешкен. Кейін ата-анасына жұмыс тауып, Австралияға қоныс аударады. Ал 6 жасар Джеки отанында қалып, Қытай жабық драмалық академиясына түседі. Сөйтіп, тағдыр тәлкегіне қалған ол академиядағы нағыз қатаң тәртіптің тезіне түсіп, таңғы 5-тен тұрып, 16-17 сағат бойына созылатын тынымсыз жаттығулар орындайды.

1971 жылы актер академияны бітіреді. Кинодағы жолын каскадерліктен бастаған қайтпас қайсар Джеки Чан актерлік өмірде де небір аса қауіпті трюктерді өзі орындады. Екі омыртқасын, мұрнын, аяғы мен қолын да талай сындырып, кеңірдегін жаралап, көзінен айырылып қала жаздаған. Тіпті бас сүйегін сындырып, өлім аузынан қалды. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: bestin.ua

3540 12
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 26 қараша 2012, 18:41
Пікірлер
+0
26 қараша 2012, 19:26

Бала күнімнің қаһарманына айналған дәл Джеки Чандай тұлға жоқ шығар мен үшін...

+0
26 қараша 2012, 21:53

мағанда ұнайды Джеки Чан әлі супер!!!талайлардың жүрегінде шоқ боп жанған Джекиии

+0
26 қараша 2012, 23:22

Бұл кісі Брюс лимен бірге бір кадрда түсіп қалғанын көргенмін ютубтан. Үлкен айдаөар мен кіші айдаһар бір фильмде керемет көрінген еді...

+0
27 қараша 2012, 09:02

жоспарлары қатты ұнады! оның да заманы да өткен шығар....ең сүйікті актерларымның бірі болып қала береді

+0
27 қараша 2012, 11:12

Джекидин кай киносында болмасын адилдик,шындык ушин курескенин коресин,бирак сонысымен катар киноларынын копшилиги азили аралас етип тусирген,кабылдауга женил,суйикти актерларымнын бири ;)

+0
27 қараша 2012, 11:17

Джеки Чанның орнын ешкім баса алмас

+0
27 қараша 2012, 11:49

Мен Джеки Чанды қайтыс болды деп естіп едім ғой :?

+0
27 қараша 2012, 18:12

еңбекқор кісі,"100 киноға түсу деген :o кандай кушты.киноларын есіміз кеткенше қарап отырып тобелесып кететін едік))

+0
02 желтоқсан 2012, 22:31

теңдесі жоқ актер!

+0
13 желтоқсан 2012, 14:48

Өзіме қатты ұнайтын актер!

+0
15 мамыр 2013, 22:33

керемет актерр,базар жоқ,кинолары ккккүүүшштііііі :)

+0
15 мамыр 2013, 22:56

Өкінішті керемет актер ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...