Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Бүгін "Бастау" халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанаты өтеді

Бүгін "Бастау" халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанаты өтеді

Бүгін

Бүгін Алматыда дәстүрлі "Бастау" халықаралық кинофестивалі басталады. Желтоқсанның 3-і мен 7-і аралығында өтетін VIII Халықаралық "Бастау" фестивалі "Жаңа буын киносы" девизімен өтпек. Шара  студенттік және дебюттік фильмдер аясында жүзеге асырылады.

Бір ғана студенттік қысқаметрлі фильмдер санатына 21 елден келген 43 қысқаметражды көркем, деректі және анимациялық фильмдер кірген. Олардың қатарында Германия, АҚШ, Латвия, Армения, Әзірбайжан, Үндістан, Литва, Сингапур, Түркия, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан сынды басқа да елдердің фильмдері бар. Биыл фестивальге 44 елден 360 өтінім келіп түскен. Олардың арасында ең көп өтінім Ресейден келген (60 фильм). Нәтижесінде Bastau Shorts бағдарламасында 11 ресейлік фильм ұсынылатын болады. Сондай-ақ, байқауға 6 отандық фильм іріктеліп алынған.

Халықаралық "Бастау" студенттік және дебюттік фильмдер фестивалін "Бастау" ХКФ Бас Дирекциясы, "Кинокомпания Tanaris Production" ЖШС, Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен A Team компаниясы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясы, ТҰРАН Университеті, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ өткізеді. Халықаралық "Бастау" кинофестивалінің президенті Сергей Әзімовтің бастамасымен іске асқан дәстүрлі ауқымды жобаның қорытындысы мен жеңімпаздары желтоқсанның 7-сі белгілі болады.

Фестивальдің ашылу салтанаты бүгін ақшам уағында, сағат 19:00-де "Алатау" дәстүрлі өнер театрында режиссер Шарипа Оразбаеваның "Мәриам" фильмімен ашылады. Фестивальдің барлық фильмдері Bekmambetov Cinema кинотеатрлар желісінде көрсетілу жоспарланған. Халықаралық кино фестивалінің іс-шара бағдарламасы  мен көрсетілім кестесін мына жерден біле аласыз.

0
Рейтинг: +0

Фото: vk.com
Қосылған күні: 03 желтоқсан, 10:43

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.