Әйел режиссерлер түсірген үздік 100 фильм

Әйел режиссерлер түсірген үздік 100 фильм
Фото: vk.com

BBC "Әйел режиссерлер түсірген үздік 100 фильм" рейтингін жасады.

Тізім жасау барысында 84 елдің 368 киносыншысы, журналисі, киноакадемия мүшелері мен кинофестиваль директорларының пікірі ескерілген. Жалпы саны 761 кинолентадан үздік 100 картина таңдалды. Рейтингке Аньес Варда, Клер Дени, София Коппола, Грета Гервиг, Кэтрин Бигелоу сынды атақты режиссерлер есімдері енді.

Үздік 10 фильм мынадай, ал толық тізімді мына сілтемеге өтіп көре аласыздар:

1. "Пианино", режиссері – Джейн Кэмпион (1993)

2. "Клео 5-тен  7-не дейін", режиссері – Аньес Варда (1962)

3. "Жанна Дильман, Коммерция жағалауы, 23, Брюссель 1080", режиссері – Шанталь Акерман (1975)

4. "Әдемі жұмыс", режиссері – Клер Дени (1999)

5. "Аударма қиындықтары", режиссері – София Коппола (2003)

6. "Маргариткалар", режиссері – Вера Хитилова (1966)

7. "Боран билеушілері", режиссері – Кэтрин Бигелоу (2008)

8. "Тони Эрдман", режиссері – Марен Аде (2016)

9. "Аквариум", режиссері – Андреа Арнольд (2009)

10. "Күл қыздары", режиссері – Джули Деш (1991)

 
А. Оралқызы