Джокердің атақты биі өзге кейіпкерден ұрланған

Джокердің атақты биі өзге кейіпкерден ұрланған
Фото: vk.com

"Достар" сериалының жұлдызы Мэттью Перри твиттер парақшасында өзі сомдаған Чендлер биінің Джокер биіне ұқсас екенін көрсетіп үзінді салған. Бұл көпшілікті таңдандырды. Себебі ұқсастықты байқамау мүмкін емес.

Естеріңізге сала кетейік, “Джокер” фильмі премьерасы 2019 жылдың 31 тамызында 76-шы Венеция кинофестивалінде өтті. Картина фестивальде бас жүлде – "Алтын Арыстанды" иеленді. Ал фильм туралы қызықты ақпаратты “Тағдырдың күлкісіне қалған Джокер” атты мақаламыздан оқып біле аласыздар. "Джокер" биыл 16 номинация бойынша "Оскар" сыйлығына ұсынылады деп күтілуде.

А. Оралқызы