Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Шырақшы" фильмі Сочиде өткен Халықаралық фестивальде қос жүлдеге лайық деп танылды

"Шырақшы" фильмі Сочиде өткен Халықаралық фестивальде қос жүлдеге лайық деп танылды

"Шырақшы" фильмі Ресейде өткен Sochi International Film Festival and Awards кинофестивалінде екі бірдей жүлдеге ие болды. Режиссер Ермек Тұрсыновтың фильмі бұл фестивальде "Үздік фильм" жүлдесін және "Үздік әйел адамның рөлі" жүлдесін алды. Соңғы аталған жүлде картинада басты рөлді сомдаған актриса, Ресейдің халық артисі Нина Усатоваға бұйырды. Бұл жүлделерді фестивальдің жабылу салтанатында фильмде басты рөлді сомдаған актер Мұратжан Мұқажанов алды. Айта кетсек, актер бұл фестивальде отандық фильмді фестиваль қонақтары мен көрермендеріне таныстыру үшін арнайы барған болатын. Бұл жөнінде фильмнің продюсері Қанат Төребай айтты.

Биыл фестиваль барысында халық назарына 50 фильм ұсынылды. Фестивальдің басты байқауына 10 толықметражды, 12 қысқаметражды және 8 деректі фильм қатысты. Халықаралық қазылар алқасының құрамына танымал киногерлер және фестивальдің құрметті қонақтары кірді, олар: Оңтүстік Кореяның режиссері Ким Ки Дук, актриса Мая Аймедова, Ramsgate International Film Festival фестивалінің президенті Сильвия Болиоли, жазушы Ричард Дикен, әнші әрі музыкант Катя Семенова, режиссер Владимир Алеников, РФ халық артисі Лариса Лужина, болгариялық режиссер және продюсер Златина Филиппова, ПрофиСинема журналының бас редакторы Нина Ромодановская және киносыншы Ольга Шервуд.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Шыракшы" фильмі  Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде неміс қариядан киноаппарат сыйға алған солдат туралы. Соғыстан соң елге оралған ол қартайған шағына дейін ел аралап, киноаппаратпен ескі фильмдерді көрсетумен айналысады.

Кинотуындының әлемдік тұсаукесері XXII Шанхай халықаралық кинофестивалінің аясында  өтті. Фильмде басты рөлді сомдаған актер Мұратжан Мұқажанов Анапада өткен "Киношок" фестивалінде "Кино өнеріне адал кейіпкердің образын көркем сомдағаны үшін" қазылар алқасының дипломымен, ал картинаның операторы Мартин Сечанов  А.Княжинский атындағы "Үздік операторлық жұмыс" жүлдесімен марапатталды.  Ал жақында бұл картина "Алтын глобус" жүлдесіне үміткерлер қатарынан көрінді.

Ресей мен Ұлыбританияның ұйымдастыруымен өтетін Сочидегі Халықаралық кинофестиваль және "Ирида" киножүлдесі жылына екі рет өткізіледі. Бұл байқау желтоқсан айында Ресейдегі Сочи қаласында, ал наурыз айында Лондонда өтеді. Ал "Ирида" киножүлдесі (ежелгі грек мифологиясы бойынша кемпірқосақ құдайы) 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Продюсер әрі сценарист Любовь Балагова-Кандур жүлденің негізін қалаған.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 21 қараша, 11:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.